Сапарбаев Астанадан шықпайтын Білім министрін қатал сынға алды

Еліміздің жоғарғы оқу орындарын Бас прокуратура жаппай тексермек. Саналы студент емес, болашақ жұмыссыздарды әзірлеп жатқан университеттер мен колледждердің есігіне қара құлып салынады деп хабарлады КТК арнасы.

Сапарбаев Астанадан шықпайтын Білім министрін қатал сынға алды Ал облыстарды айтпағанда, Астанадағы мақтаулы екі оқу орнын аралаған Бердібек Сапарбаев оны көріп ұялғанын айтты. Орта білімнен де береке кеткен. Реформа қуғыш Білім министрін қатал сынға алған вице-премьер, Астанада отырып алып аймақтағы былықты білмейтін Сәрінжіповтың шаңын қақты.

Министр жастардың қанша пайызы жұмыссыз екенін білмей қалды.  Білім министрі бар жетістігін жайып тастап вице-премьердің көзіне түсуге тыраштанған. Бірақ, ойлары іске аспады.

Себебі, Үкіметте әлеуметтік салаға оның ішінде білімге жауапты Бердібек Сапарбаев қыруар ақша бөлінген ғылыми ізденістердің көрмеден ары аса алмағанына қынжылыс білдірді.

Мәселен, екі жылда бюджеттен 42 млрд теңге бөлінгенімен бірде бір жоба іске аспапты. Сәрінжіповты сынаудан бастаған Сапарбаевтың өзге де сауалдары көп болып шықты. "Біріншіден, білім стандарты қашан бітеді? Ең болмаса бастауыш мектептерде. Екінші сұрақ, оқулықтар. Осылай жылда ауыстырып жүре береміз бе? Үшінші сұрақ қашықтықтан оқытуға қатысты.Жолдас министр, айт?", - деді вице-премьер Бердібек Сапарбаев.

Біріншіден, білім стандарты қашан бітеді? Ең болмаса бастауыш мектептерде. Екінші сұрақ, оқулықтар. Осылай жылда ауыстырып жүре береміз бе?

Ал министрдің баяндамасы тастай. Мақтанып айтқан жоспарларының барлығы әзірше,құжат жүзінде. Бас мұғалім орта мектептердегі білім стандартын жыл соңына дейін жаңартамыз деп уәде берді. Орта жолда тоқтаған 12 жылдық білім беруді де, қайта жалғастырмақ. Яғни, бала мектепке дейін міндетті түрде 1 жыл дайындықтан өтеді де, әрі қарай 11 сыныпты толық тәмамдайды. Ал, талай дауға тұздық болған оқулық мәселесі келесі жылы түбегейлі шешіледі екен. "Оқулықтарды сатып алу, жеткізу көктемде басталады.Қыркүйекке дейін толық қамтимыз кітаппен", - деді Аслан Сәрінжіпов. "Болуы мүмкін" деген әңгімені доғарыңыз.Тағы қайталаймын. Қыркүйек емес, тамызға дейін кітап болуы керек", - деді Бердібек  премьер-министрдің орынбасары.

Сапарбаевтың оқулыққа шүйлігуінің жөні бар. Былтыр ата-аналар оқу жылдының ортасына дейін кітап іздеп, дүкендердің табалдырығын тоздырған болатын. Ұзын -сонар кезек күткен мыңдаған адам іздегенін таппай әуре-сарсаң болған.

Кейін министрлік оқулық тапшылығына уақтылы тапсырыс бермеген жергілікті әкімдіктерді кінәлаған еді. Бірнеше облысты басқарған соң, шынайы ахуалды білетін Бердібек Сапарбаев болса бұған Сәрінжіповтың өзін айыптады. "Министрлік әкімдіктермен жұмыс істемейді. Қағазбен және телефонмен жұмыс істейді. Болды. Адамдарыңыз ауданға, облыстарға бармайды. Мен білем мұны", - деп сынға алды Сапарбаев. "Облыстардағы жағдайды білмейсіңдер" деп шүйліккен вице-премьерге Білім министрі түк демеді. Керісінше, кемшіліктерді қатқыл үнімен көзге шұқып көрсеткен Бердібек Сапарбаевқа алғыс айтумен болды.

Министрлік әкімдіктермен жұмыс істемейді. Қағазбен және телефонмен жұмыс істейді. Болды.

Ал 12 жылдық білім берудің тоқтатылуына президент қарсы шыққан соң, Сәрінжіпов енді оны оны қалайда жалғастырамын деп қайта белсеніп отыр. Бірақ, басынан дау арылмаған жобаның қашан іске асырылатыны белгісіз.

Источник: КТК арнасы