Ұлттық банк шу тудырған 1000 теңгелік банкнотқа қатысты түсiнiктеме бердi
2015 ж. 12 ақпан
2444
0
Президент жанындағы ОКҚ брифингi барысында Ұлттық банкiнің басшылығы "Күлтегiн" түрiк жазуларына арналған номиналы 1000 теңгелік банкнот дизайнының заңсыздығы туралы тараған ақпаратқа қатысты түсiнiктеме бердi, деп хабарлайды Bnews.kz.
"Күлтегiн" мерейтойлық банкнотына келетiн болсақ, осыдан бiрнеше күн бұрын банкнот әрлемінің заңсыздығы туралы ақпарат пайда болды. Бұл банкноттың шынымен де басқарманың қаулысы негiзiнде 2013 жылдың соңында шыққанын ескерткiм келедi. Банкнот әрлемi оның тек көркем безендiрiлуiнде және оның заңды төлем құралы ретiнде жұмыс iстеуiне кедергi бола алмайды. Себебi, оның заңдылығы эмиссиямен анықталады. Бұл – Ұлттық банктің шешімi. Ұлттық банктен басқа ешкiм де банкноттың төлем қабiлеттiлiгi жоқ деп тани алмайды", - дейді Дина Ғалиева.
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келiмбетов болса, банктiң банкнот заңдылығы анықталып жатқанын тiлге тиек еттi.
"Бiздiң жұмысымызға осыншама көңiл бiлдiрiлiп отырғанына алғысымызды бiлдіремiз. Жалпы алғанда, мұндай банкноттар нумизматтар үшiн құнды деп есептеймiз", - дейдi банк басшысы.