Астанада подполковник өзін жарып жіберді
2015 ж. 10 ақпан
1350
0
Baq.kz – Бүгін Астанада Достық көшесінің бойында «Шевроле» маркалы автокөлігінде жарылыс орын алды. Автокөлікте ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің әскери қызметші 1975 жылы туған подполковник Сыздықов Арман Қайдарұлы болған. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Бұдан өзге жарылыстан ешкім зардап шеккен жоқ.
Оқиғаны зерттеу мақсатында арнайы жедел-іздестіру тобы құрылды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті іздестіру шаралары жүргізілуде.
Оқиға орнында А. Сыздықовтың жазып қалдырған хаты табылды. Оқиғаға лаңкестіктің қатысы жоқ.