Қаза тапқан ауылдастары үшін тұрғындар көшеге шығып, қақтығыс болды
2015 ж. 06 ақпан
3729
1
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылының тұрғандарының арасындағы қақтығыс ырықтандырылды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
“Үш күн бұрын Ынтымақ аулында пышақтан алған жарақаттан салық комитетінің қызметкері қаза болды, ол осы ауылдың басқа тұрғындарымен араздасқан екен. Қаза болғанның туыстары оны жерлеген соң, 4 ақпанда түс ауа көшеде өткен жиында айыптыны жазалауды талап ете бастады. Стихиялық жиналысқа қатысқандар шамамен 17.00 сағаттарда үйлерді, сауда нүктелері мен автомобильдерді өртей бастады, қақтығыс кезінде адамдар зардап шекті”, – деді ауыл тұрғындары кешегі бейсенбі күнгі кешінде.
Басқа да дерек көздерінен белгілі болғандай, Ынтымақ аулына аудандық полиция келген, арнайы мақсаттағы күштер мен ЖӘАЖ (СОБР) енгізілді.
Электр өшіріліп, интернет өшіріліп, ұялы байланыс жұмысы үзілген. ҚазТАГ агенттігіне Қазақстан ІІМ қоғамдық кеңес мүшесі Сейтқазы Матаев мәлім еткендей, “Сарыағаш ауданында шиеленіс орын алды”.
“ОҚО облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған жергілікті билік ауылға келіп, шиеленісті ырықтандыруда жедел шаралар қабылдады, ауыл ақсақалдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқық қорғау органдары тексеру бастады”, – деді Матаев.
Астанадан жұма күні түске дейін ІІМ басшылығы осы қақтығысқа қатысты ресми түсініктеме береді деп мәлім етті.