Серік Ахметовке қатысты қозғалған қылмыстық істің саны тағы бірге артты. Тергеу барысы экс-шенеуніктің Қарағанды облысында әкім болып қызмет атқарған тұста орын алған тағы бір заң бұзушылықты анықтаған.
Нақты айтқанда, Ахметов Қарағандыдағы Индустриалдық парк құрылысына бөлінген 25 миллиард теңгеге қол салған көрінеді. Жұмысты атқаруды «Қазақстан өндірістік корпорациясы» атты фирмаға тапсырып, оған мемлекеттік тапсырысты өзінің араласуымен алып берген-мыс. Осы қызметі үшін фирма директоры Әлжан Ақмолдаев Серік Ахметовтің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі есеп-шотына 2 жарым миллион доллардың «сыйақысын» аударған екен.
Ал, Серік Ахметовтың қорғаушылары бұл айыптауларға қатысты ешқандай түсінік бермеуде. Экс-шенеунік қазір мырзақамақта, Қарағандыдағы үйінде оқшауланған.
Абай.kz