Аспалы көпір ме, аспанға салынған көпір ме?..
2009 ж. 07 желтоқсан
4893
0
Қазақстан билігіндегілер қыз¬ық өзі. «Бірде - көл, бірде - шөл». Бірде қат дүниеге қол жет¬кізе алмай жүрген халыққа дым татырмай қояды да, бірде әлгі дүниеңнің үстіне дүние қосып жіберетінін қайтерсіз?. Тап бір халықты жіберіп-тартып, жіберіп-тартып, оның жан-дүниесімен, шыдамдылығымен ойнап отырғандай. Осыған ұқсас дүниенің бірі, Арыс қаласының солтүстік- шығысындағы салы¬нып жатқан, алайда аяқта¬луға жа¬қын темір жол үстінен өтетін аспалы көпір туралы болып отыр. Теміржолмен өзінің кес¬тесі бойынша жүретін поез¬дар сенің қара жолыңды қай¬тсін, сағаттап табандатып қояр еді ілгеріде, қаладан шығар жал¬ғыз жолдың үстін жауып. Әлгі жоғарыда айтқандай сол биліктің «көлдігі» былтырдан бері табанасты жол ашылып бермесі бар ма?. Бір жолға зар болып отырған қала халқы келешек үш жолдың «астында» қалайын деп отыр.
Басқа-басқа да, қазіргі уа¬қытта ең керек дүние болып отыр¬ған, қаланың ортасынан шы¬ғар жолдың бойына орналас¬қан осы аспалы көпірдің жағ¬дайы қалай? Өзекті мәселе бол¬маса халық да өзеуремес еді. Көпірге шығар солтүстік жағы сонау алыстан басталғанынан бол¬са керек, көзге қатты ұра да бермейтін сияқты. Көпірге шы¬ғар кәдімгі жол. Ал оңтүстік бе¬ті?... Оңтүстік жағы құдды бір аспалы емес, аспанға салынар¬дай болып түскені. Темір жолға жақындап барып кө¬пір төбесіне көз саларда, басың¬ыздағы бөркіңізге ие болмасаңыз, оның арт жағың¬ызға топ етіп түсері хақ. Тап бір тау басындағы шыңға қарағандай әсер аласыз.
Әңгіме қаладан шығар басқа жолдың барлығында емес, әр жүргізуші өзінің жүрер жолының жақындығын іздейді емес пе?. «Бір жол бар-жақын, жақын да болса-алыс» деген мәтел осы Арыс қаласындағы аспалы көпірге арналғандай ма?. Егер де мәшинеңіздің мотор¬ында титтей де ақау бо¬лар болса, онда оңтүстік жағы¬¬мен көпірге шығу туралы ойланбаңыз да, артта келе жатқан басқа мә¬ш¬и¬¬не¬лердің сорымын деп ойлай беріңіз... Оның үстіне осы оң¬түс¬тік жағынан келер болса¬ң¬ыз, қашан көпір төбесіне шығып, «ух» дегенше, алдан не күтіп тұрғанын білмегендіктен, мойныңызды соза-соза кетпен¬нің сабындай етіп ұзартып ал¬у¬ы¬¬¬¬ңыз әбден кәдік. Ал бұл көпірде оқушылар, ар¬ғы бетіне орналасқан әскери гар¬¬н謬зон¬¬да жұмыс істейтін жүздеген адамның ары-бері жүр¬іп жататынын ескерер бол¬сақ, келешекте қаншама жантүршігерлік оқиғалар күтіп тұрғаны тағы да белгісіз. Ертеңгі қыс айларындағы түсер мұздақта әлгі биікке көтеріліп-түсуі қалай болатынын ойлаудың өзі әбестік-ау, жер қара, күн жылыда.
Баланың аты-бала. Көпірдің ашылуына аз қалса да, шыдам¬сыз балалар сол көпірдің үстінен түспей ме, жарысып, оңтүстік жағынан. Биіктігін осыдан-ақ байқай беріңіз, әлгі балалардың бір-екеуі өз велосипедтеріне ие бола алмай, жарақат та алып үлгеріпті әлден.
Республикалық бюджеттен жарты миллардтан аса қаржы бөлінген бұл құрылыстың нәйе¬ті 20-25 метр темір жолдың үсті¬нен салынар көпірдің то¬лық¬¬тай мемлекеттік өлшемді қамтама¬сыз ете алмағаны, бұл енді таңдай қаққызарлық мәселе-ді. Үнемнің де үнемі бар.
Егер де осы аспалы көпірге оңтүстігінен барар жолды, бірден көтермей, сәл де болса әріден алынар болса, көпір келеңсіздігі мұншалық бірден көзге ұрынбас та еді.
- Ия, бұл бөлінген дүниеңіз аз дүние емес екен, ол қаржыға бүкіл қаланы басып өтетін, о шеті мен бұ шетіне дейін ұзақсонар көпір салса да болады екен-ау, - деген Арыстық Шәрім қарияның сөзі¬нің жаны барлығы еске түседі.
Беті аулақ, ертеңдері осы кө¬пір¬ден өтемін деп, адам төз¬бес жағдайлар орын алар бол¬са, (ауыз да бармай отыр) би볬ꬬте¬гілердің небір құйтұрқы тір¬ліктерін көріп, көзі ашылып қал¬ған халық, біраз жерге барып та қалар аянбастан?!.
Ойға қаласың. Ия, билік те мұншама қаражатты кім көрінгеннің қолына ұстата да қоймас.
Оның үстіне қалада:
- Ойбай, несін айтасың, бұл салынып жат¬қан аспалы көпірді де өз би¬іктігіндей, сона-а-ау биік¬те отырған бір парламент депутаты бақы¬лап отыр-мыс деген қа¬у¬е¬сет те боранды күнгі жел¬дей шарлап жүр, қойны-қоны¬шты... Қалаң¬ның әкімі не, облыс¬тық әкімің де осы күйінде қа¬был¬дайды, қабылдатқызады, шама¬лары жоқ-ты ол адамға қарсы сөйлер- деген пыш-пыштар толастамар емес.
Айтса айтқандай, аспалы көпір туралы қала әкіміне хабарласқанымызда, ол кісі де¬ма¬лыс¬та еді деген хабар алдық. Мүмкін, қалаға жаңадан келсе де, қордаланып қалған көп мәсе¬лелелер ұшпағының қай жері¬нен бастарын білмей, шаршап қалғаны рас та шығар?. Ал, ор¬ын¬басарлары осы бітуге таяу көпірді әлі барып көрмегендерін мойындап та отыр. Осыған қа¬рап әлгі аспалы, не аспанға қарай салынған көпірдің туу төбе¬дегі «жетекшілері» мықты екен-ау деген ойдан арыла да алмайсың. «Мықтының дүмі диірмен тартады деген», аспалы көпірге жақындап, кемшілігін айтар болса, әлгі әкім орын¬басарлары да мыңдаған жұмыс¬сыздар қатарында қалатынын ойланбайды дейсіздер ме?. Бір-бір мекеменің жалынан мықтап ұстап отырған қала де¬пу¬тат¬тарының ойлары қалай ек¬ен?. Халық қалаулылары де¬ген депутаттық атақ алып отырған¬дар, осы аспалы көпір туралы, оның мемлекеттік өлшемге сай ма, әлде сай емес пе, осы туралы жоғарыға өз ұсыныстарын, яғни өздерін сайлаған халықтың на¬ра¬зы¬лығын қаймықпай, тар¬тын¬бай жеткізе алса құба-құп бола еді-ау?.
Ия, халық көпірдің оң¬түс¬тік жағынан шығып-тү¬сер жо¬лының дұрысталуын шы¬да¬м¬сыздықпен күтіп отыр. Бірақ ертең осы аспалы көпірді қабыл¬дар кезде, жүктің бәрі қала әкі¬міне барып тиетіндіктен, осы бастан қала әкімі Қанат Сыдықов дұрыстап ойланса, жөн шешімі табылып та қалатын шығар?. Әлде...
Әуелхан ШОНЖАН.
АРЫС
№46-47 04.12-11.12.2009 ж.