Ресейдің Беларуссиядағы елшісі А.Суриков: "ЕАЭО-ға өз валютасын енгізудің қажеті жоқ"

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) өз валютасын енгізуге асығудың қажеті жоқ, деп мәлімдеді Ресейдің Белоруссиядағы елшісі Александр Суриков. Бұл туралыҚазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Ресейдегі Беларусь елшісі: ЕАЭО-ға өз валютасын енгізуге асығудың қажеті жоқ Александр Суриков

"Ат шаптырудың қажеті жоқ. Неге бізде Одақтас мемлекеттің бірыңғай валютасы болған жоқ? Оны құру туралы келісім-шарттың төменгі жағындағы сия кеуіп үлгермей, халықаралық құқықтың субъектісі болуға құқық беретін құқықтық акті де қабылданбай жатып, валютамен айналыса бастады. Ненің валютасы? Жоқ заңды тұлғаның валютасымен ба?", - деп мәлім етті Суриков. Сонымен қатар ол қазір де сол жағдай екенін атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақтың функцияларында тиісті келісімдермен бекітілген біріңғай төлем жүйесі де, бірыңғай қор нарығы да, бірыңғай валютасы да жоқ екенін айтты.

Источник: РИА "Новости"