АҚШ-та қазақстандықтар ғаламшардың ең әдемi халқы деп танылды

АҚШ-тың Ұлттық географиялық қоғамы 200-ге тарта мемлекетті нысанаға алып, әр елдің тұрғындарының суреттерін сарапқа салып, қазақстандықтарды ғаламшардың ең әдемi халқы деп таныған.

АҚШ-та қазақстандықтар ғаламшардың ең әдемi халқы деп танылды

Фото: youthpolicycenter.kz

Сарапшылар Астана мен Алматыдан түсірілген 100-ге жуық фотосуретті назарға алған екен. Сонымен қатар ғаламтор арқылы бұл сауалнамаға қатысқан әлемнің 3000-ға жуық тұрғынының басым бөлігі қазақтарды ең сұлу ұлт деп тапты. Зерттеу тобының төрағасы Даллес Скули: "Бұл – сирек кездесетін тәжірибе. Өйткені фотосуреттерді танымал желі Facebook-тегі қарапайым халық бағалады. Сондықтан да біз халықтың борандай ұйытқыған бағасының астында қалдық. Олардың бағалары да әртүрлі болып отырды. Бір суретті біреулері "тартымды", "жағымды" десе, енді біреулері тіпті "қатардағы", "жағымсыз" деп бағалап жатады" деп жауап беріпті. Зерттеу бойынша 4,67 коэффициентті дауыс жинаған қазақтар көш бастап, 4,63 коэффициентпен бразилиялықтар екінші орынға жайғасқан. Одан кейінгі орындарды 4,11 коэффициентпен кубалықтар, 4,02 коэффициентпен итальялықтар, 4,02 коэффициентпен испандықтар бөліскен. Отандастарымыздың көркі Жаңа Гвинея тұрғындары мен Еуроодақ елдерін қатты тамсандырса керек. Азияның оңтүстік шығысындағы елдер де жерлестеріміздің әдемілігін мойындап, интернетке өз үндерін қосқан.

Қазақтың жеті ата ауыспай қыз алып, қыз беруге тыйым салған дала заңына бүкіл әлем таңдана, таңғала қарады.

Шамасы кел­ген­дері қазақтың қызының құлағына сырға салып, әлемдегі ең "само­род­ный" таза қан арқылы тұқымы­ның көшін түзетіп алғысы келді. Мысалы, АҚШ-тағы таралымы әжептәуір орыс тілінде шығатын "Новый мир" газетінде Брук Смит деген АҚШ азаматы 2012 жылғы қыркүйек айындағы нөмірінде жалғыз ұлының 1996 жылы қазақ қызына үйленгенін былай деп су­реттейді. "Мен қазақ деген ұлт жай­лы бұрын естімеппін. Келі­нім­нің өтінішімен Қазақстанға ба­рып қайттық. Маған қазақтар шетінен бір-біріне қатты ұқсайтын сұлу ұлт болып көрінді. Қазір екі немерем бар. Немерелерімнің біреуінің атын қазақтардың құрметіне Ка­мил­ла деп қойдық". Одан әрі Брук Смит немерелерінің америкалық ұлтқа ұқсамайтынын және мұндай "құдалықтар жалғаса берсе, алдағы жылдарда АҚШ-тың жаңа тұрпат­ты азаматтары пайда болатынын айтып, оқырманын қуанышымен бөлісуге асыққан. Мұхиттың арғы жағындағы аза­матшаның біздің қазақтарға деген ала-бөтен ықыласының аста­ры бар. Себебі қазақтың сыр-сымбаты кеше де, бүгін де әлемде талай мен дегендердің көзінің жау­ын алды. Күні кеше ғана өзі­міздің Сәбина Алтынбекова 1,5 млрд қытайды таңғалдырса, сол Қытайда тағы бір қандасымыз қа­лың елді мойындатты.

Қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің пайымдауынша, қазақ ұлтының сұлулығының тол­ған айдай толықси түсуіне тәуелсіз қазақ елінің азаматы атандық де­ген көңіл күй, заманауи косме­тика әсер етті.

Дегенмен қазаққа ғана тән сұлулыққа ел ішінде де, сырт­тан да төніп тұрған қауіп бұрын­ғыға қарағанда еселеніп кетті. Соңғы 20 жылда алыс-жа­қын ше­тел­дерге 20 мың баламыз­дың саты­лып кеткені де, қазақ қызда­рының шетелдіктермен бас қосып жатқаны да біздің қаны­мызға әсер етпейді. Себебі олар­дың қазақ­ты­ғы өздерімен бітетін топ, олардан туған толқын ешқа­шан қазақ бо­лып саналмайды. Ең басты – қауіп өз ішімізде. Бірінші қауіп – ба­лалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар. Олардың аты-жөні қазақ­ша болғанмен, оның за­тын, руын түгендеп жатқан еш­кім жоқ. Қазақтың генетикалық кодын анықтауға талпынып жүрген жас ғалым Жаңабек Жақсығалиев 1989 жылы ұлттың генетикалық кодын анықтаумен айналысатын кәріс ғалымдары дүниежүзіндегі ең таза қан – қазақтарда. Олар жеті ата ауыспай бір-бірімен қыз алыс­пайды деген тұжырымға келген" деген ойды алға тартады.

Біздің генетикалық кодымыз жеті ата ауыспай қыз алып, қыз бермеуді аманаттап кет­кен бабаларымыздың заңымен бай­­ла­нысты ма деп қаламын

Ал белгілі ғалым Тұрсын Жұртбай бекзада­лық­тың, мырзалықтың, шексіз өк­темдіктің, бақ-дәулеттің ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өздерін ерекше жаратылған тұқым есебінде мара­пат­тайтын "қаракөктің" баламасы өзге ұлтта да ұшырасатынын айта­ды. "Қазақтардың генетикалық портретінің 55-60 пайызы шығы­с­а­зиялық популяцияға жатады. Бұл Сібір мен Моңғолия. Ал 15-20 пайызы еуропалық, 15-17 пайызы Таяу Шығыс пен Орталық Азия популяциясына жатады. Бұл қа­зақ­тың соңғы үш ғасырдағы бей­несі. Бірақ соған қарамастан, бүкіл әлемнің назары қазақтың қанына ауып отыр. Біздің генетикалық кодымыз жеті ата ауыспай қыз алып, қыз бермеуді аманаттап кет­кен бабаларымыздың заңымен бай­­ла­нысты ма деп қаламын", – дейді Нұрбол Байма­ханов. Демек, қазақтың генетикалық қоды әлемде ешбір ұлтқа ұқса­май­ды. Бұл әлемдегі сұлулық, әдемілік атауы қазақтың қанынан күш алып тұр.

Источник: Айқын