Назарбаева мемлекеттік сатып алулар арқылы байыған 15 адамның есімін атауды талап етті

9
2386

Мәжіліс вице-спикері Дариға Назарбаева 2013 жылы өз компаниялары арқылы мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттардың 37,8%-ын алған 15 жеке тұлғаның тізімін атауды талап етті.

Назарбаева мемлекеттік сатып алулар арқылы байыған 15 адамның есімін атауды талап етті
Фото: kstnews.kz

«Егер Форбсқа сенер болсақ, біздің қазақстандық, 2013 жылы түрлі фирмалар арқылы мемтапсырыстардың ірі алушысы болған – ал ол дегеніңіз 15 жеке тұлға, 400 миллиард теңгені игерген, Бұл барлық мемсатып алу көлемінің 37,8%-ын құрайды. Олар кімдер, осы бақытты жандар, 15 жеке тұлға? Оны білуге құқымыз бар, себебі мәселе біздің ортақ бюджеттік қаражатымыз жайында», – деді Дариға Назарбаева бейсенбіде мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның жаңа нұсқасын талқылау барысында.

Ол заңға мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшарттағы ақырғы бенефициардың көрсетілуі керектігі туралы норманы енгізуді ұсынды.

«Ақырғы бенефициар белгілі болуы керек, оның жеке тұлға ретіндегі мәліметтері, саудада жеңген компанияның құрылтайшысының кім екендігі анық болуы керек. Және оған қоса біліктілік талаптары көрсетілсін, компанияның өзіне де, сол жеке тұлғаға да. Себебі мұғалім немесе жүргізуші болып жұмыс жасап жүргендер, компания құрып, конкурста ұтып жатады, ондай болуы мүмкін бе? Жүргізушіде немесе мұғалімде кенеттен ондай мүмкіндік қалай туа қалды?», – деп таңданысын білдірді Назарбаева.

Источник: КазТАГ

9 ПІКІРЛЕР

  1. лалагүл ханым, «қазіргі Атырау облысы әкімінің орынбасары БН ханым» дегеніңіз кім? Біз жақта БН-нан келетін әкім орынбасары ханым жоқ

  2. Дариға ханым осы бағытыңыз бен қарқыныңыздан таймай, аяғына жеткізіңіз! Ел күтіп отыр 15 миллиардердің есімдерін…

  3. Дәриға ханым, подругаңыз Раушан Сәрсембаева мен Азаматтықт Альянсты,сосын Мүгедектер мен Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның атынан жеген бұрыңғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице министрлерін, Мәдениет министрлігінің әлеуметтік тапсырыстар мен лот жеңімпаздарымен жұмыс жасаған қазіргі Атырау облысы әкімінің орынбасары БН ханымдарды басына тіркетіңіз.Сонда әділдігіңіз арта түседі…

  4. На сегодня Я продаю почти ТРИ МЕЧЕТИ в Торгайском Регионе , Не можем взыскать через СУД , почему , кому тогда эти законы Р.К. служить , Меня лишили мои КОНСТИТУЦИОННЫЕ права на СУДЕБНУЮ защиту, хотя в в КОНСТИТУЦИЙ в 14 ст ,перед законом все равны . В Казахстане есть кто нибудь ,который услышать КРИК мои души ,Я думаю что НЕТ. Для тех кто уже услышал. E- mail: [email protected] или 8701 816 5721.

  5. Дариға апамның бұнысы: қазынаға қол салушыларды, «опырып-жапырып» жейтін жемқорларды сынағаны ма, жәй, іншейін «саяси ұпай» түгендеу осы арасын кім біліпті?

  6. Мемлекеттик сатып алудын бага усынысы модулынде белгили бир сатып алуга усынылатын заттын накты минездемесин, накты тауар ондирушини корсетуге болмайды, сосын сол каталогта не бар соны коясын,натижесинде тендерди уткандар кытайдын арзанкол кокыр сокырын акеп береди. Осы жагын тузесе гой

  7. НАЗАРБАЕВА МЕМЛЕКЕТТІК сатып алулар арқылы БАЙЫҒАН 15 АДАМНЫҢ АТЫН АТАУДЫ ТАЛАП ЕТТІ… Өте дұрыс істеген. Дариға Назарбаева болмаса, басқалардың қолынан келмейді бұлай талап ету!

  8. Е, Дариға, әуелі өздеріңнің қалай байығандарың туралы шындықты айтсайшы! Сату мен сатып алу арқылы шылқа байымағанда айлық жалақыларыңмен миллионер, миллиардер болдыңдар ма?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз