Министрліктерде бірыңғай ұстанымның болмауы мемлекеттік қызметтің беделін түсіреді

укимет Министрліктердің бірыңғай ұстанымдарының болмауы және «өзің сондайсың» деген принцип бойынша көпшілік алдындағы айтыс-тартыстары мемлекеттік орган қызметкерлерінің беделін түсіреді, ҚР азаматтарына нұқсан келтіреді. Бұл туралы Мәжілістің пленарлық отырысы барысында «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттық сауалын жариялаған Нұрлан Жазылбеков мәлімдеді. Премьер-министр Кәрім Мәсімовтің атына жолданған сауалдың толық нұсқасын жариялап отырмыз.   Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ.МәсімовкеДепутаттық сауал Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! «Ақ жол» партиясына соңғы кездері Кедендік одақ елдерінде сатып алынған автокөліктерді кіргізу мәселесі бойынша жауапты мемлекеттік органдардың бірыңғай позицияның болмауына байланысты наразылықпен ондаған автоиеленушілер арызданып келеді. Мәселен, 17 қаңтардағы баспасөздегі хабарламаларға сәйкес, Инвестиция және даму министрлігі әкелінетін қолданыста болған транспорттық құралдарға «Еуро 4» нормаларына сәйкестігіне сертификациялауды жүргізуді талап етеді. Онсыз олар есепке қойылмайды және Қазақстанда пайдалануға болмайды. Екінші жақ, ҚР ІІМ әкімшілік­тік полиция Комитеті 19-қаң­тарда ЕАЭО елдерінде тіркел­ген автокөліктерге қатысты сәйкестікті растау талап етілмейді деп хабарлады. Онда авто­көліктер сәйкестікке сертификатсыз және шығарылған жылына қарамастан тіркеуге алынады делінген. Сондай-ақ, Кедендік одақ (КО) комиссиясының шешіміне сілтеме жасайды, ол бойынша 2015 жылдың 1-қаңтарынан «Дөңгелекті автокөліктік құралдар қауіпсіздігі туралы» КО-тың техникалық регламенті күшіне енген. Соған сәйкес ұлттық техникалық регламенттері Кедендік одақтың объектілеріне қатысты қолданылмайды. Ал өз кезегінде, Инвестиция және даму Министрлігі «Жол қозғалысы туралы» Заңға және ҚР ІІМ бұйрығына сілтеме жасайды, онда көлік құралының қауіпсіздік куәлігін тіркеген кезде оны міндетті көрсету талабы қарастырылған. Азаматтардың хабарлауы бойынша, екі мемлекеттік органның өзара келісе алмаған жанжалы жемқорлықтың пайда болуына әкеліп соқтырды, сөйтіп адамдарға сертификациялау мәселесін 500 дол­лар не одан да көп бағаға сырттай келісім арқылы шешу ұсынылады. Инвестиция және даму Ми­нистрлігінің Қазақстанға Ресейден арзан бағаларға ескі және қауіпсіз емес авто­көліктер жеткізудің қауіп - қатеріне алаңдаушылығын бөлісе отырып, сонымен қатар, «Ақ жол» фракциясының депутаттары мемлекеттік ведомстволардың келісілмей істелген жұмыста­рынан қатардағы азаматтар үлкен залал шегетінін атамай қала алмайды. Сатып алынған және ҚР-да пайдалануға жарамсыз болып шыққан автокөліктер ондаған мыңмен саналады, біздің мыңдаған азаматтарымыздың отбасылық бюджеті орасан зор шығынға ұшырады. Жауапты мемлекеттік органдар көрші Ресейден қазақ­стандықтардың сатып алу сұранысы басталғанда өз уақытында көңіл аудармай, тек жаңа емес, ескірген, тозған техниканың кіргізілуінің жаппай беталысын қадағаламай, дер кезінде осы бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізбей немқұрайлылық және алдын ойламаушылық сияқты бірқатар қателер жіберді деп санаймыз. Оның үстіне, министрліктер мен ведомстволардың бірыңғай позицияларының болмауы және «өзің сондайсың» деген принципбойынша өзара қатынастарын көпшілік алдында анықтау халықты адастыруға ғана апармай, сонымен қатар, қазіргі қиын кезеңде ҚР Үкіметі қызметінің беделін түсіріп, мемлекеттік органдарға деген сенімге селкеу түсіреді. Жоғарыда баяндалған мәсе­лелер негізінде, мыналарды аса маңызды деп санаймыз: 1. Қалыптасқан жағдайды шешу және азаматтар үшін залалды барынша төмендету жөнінде шаралар қабылдансын; 2. Көптеген қазақстандық азаматтарға өздерінің әре­кет­сіздіктерімен елеулі мате­риал­дық нұқсан келтіруге себепші болған лауазым иелері жауапкер­шілікке тартылсын; 3. Дағдарыс кезеңінде ұлттық экономиканың және отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау қамтамасыз етілсін. Құрметпен «Ақ жол» фракциясының депутаттары