Сапарбаев «Арселор Миттал Теміртауға» жеңілдіктерден қағылатынын ескертті

1
806

Қазақстан вице-премьері Бердібек Сапарбаев егер «Арселор Миттал Теміртау» өз жұмысшыларына жалақысын толық көлемде төлемесе компания жеңілдіктер мен преференциялардан қағылатынын ескертті.

Сапарбаев

Бұл туралы Сапарбаев Қарағандыда өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелеріне қатысты өткен жиында айтқан.

Сапарбаевтың айтуынша, үкімет компания басшылығына жеңілдіктер жасамайды. Компания алдымен Қазақстан заңдарына мойынсұнуы тиіс. «Арселор Миттал Теміртау» әкімшілігі кеше компания құрамына кіретін кәсіпорындардағы жұмысшылар жалақысы 25-тен 50 пайызға дейін қысқартатынын хабарлаған.

Компания басшылығы бұрын бекітілген тарифтік үстеме мен жалақыны көбейту туралы бұйрықтың күшін де жойған. Компания жалақыны қысқартуға «күрделі геосаяси жағдай», «экономикалық өсімнің баяулауы» мен «тұтыну нарығындағы жағдайдың нашарлауынан» кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға ұшырауы себеп болды деп түсіндіреді.

Компания жалақының азаюын «уақытша құбылыс» деп атаған.

Источник: Азаттық

1 Пікір

  1. Бұл Миттал Қазақстан билігінің арқасында миллиардер болды. Ғаламдық экономикалық ахуал түзу кезде елімізді бұл адам әбден сорды. Жалаң аяқ келген капиталистер соңғы жылдары әбден құтырды. Қауіпсіздік техникасы сақталмай жүздеген шахтерлер осы адамның кезінде ажал құшты. Олардың қаны мен обалы осы адам мен Қазақстанның аяр билігінің мойнында. Ешнәрсе де, ешқашанда ұмытылмайды. Бұларды ит қосып қуу аз!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз