Наурыз мейрамында қазақстандықтар қалай демалады?

Наурыз айында Қазақстан халқының қанша күн демалатыны белгілі болды.

 Наурыз мейрамында қазақстандықтар қалай демалады? Көктемнің басты мерекесінде қазақстандықтар жалпы есебі 5 күн демалады. 21 және 23 наурыз күндері сенбі мен дүйсенбіге тура келіп тұр.

Мерекенің алғашқы екі күні демалыс күндеріне тап келгендіктен, еліміздегі мерекелер туралы Заң бойынша 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Сонымен қатар, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні жексенбіге тура келгендіктен, дәстүр бойынша дүйсенбі, 9 наурыз демалыс болып белгіленді. Осылайша, аналар мерекесінде де қазақстандықтар екі күн демалады.
Источник: NUR.KZ