Ел тұрғындары рубльді сатып алуға 88 миллиард теңге жұмсаған

0
829

Құны құлдыраған сайын рубльге деген сұраныс еселеп артып барады. Соңғы бір жылда елімізде Ресей валютасы 88 миллиард теңгеге сатып алыныпты деп хабарлайды КТК арнасы.

Ел тұрғындары рубльді сатып алуға 88 миллиард теңге жұмсаған
Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден 4 есе артық. Тек соңғы ай ішінде рубль саудасы бірден 37 пайызға артқан. Ең жоғарғы көрсеткіш Алматы мен Астанада.

Ал бір жыл ішінде орыс ақшасын өз өңірінде сатып алу көрсеткішін ең көп ұлғайтқандар оңтүстік халқы екен. Мәселен, олар былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда рубльді 8 есе артық ауыстырған. Бірақ жалпы көлемі өзгелерден аз, 3 жарым миллиард теңгені құрайды.

Ақтөбеліктердің белсенділігі сәл төмен болғанымен, 5 миллиард теңгеге рубль алған. Ал Астанада бұл көрсеткіш 13,7 млрд теңге. Ресейге жақын орналасқан аймақтарда рубль құнының құлдырауына байланысты оған деген сұраныс 43 пайызға артыпты.

«Бұл импорттың ұлғайғандығын көрсетеді. Тұрғындар Ресей рублін алып, арзан тауарларға аттанды. Сондықтан рубльді сатып алу статистикасына әсер етті», – дейді сарапшы Мерует Махмұтова.

Источник: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз