Шығыс Қазақстанның Облыстық драма театры үздік спектакль-концертінің сценарийіне байқау жариялайды

0
1275

Шығыс Қазақстан облысы басшыларының қолдауымен, Өскемен қаласының сол жағалауында тұңғыш рет республикалық маңызы зор,  Шығыс Қазақстан облыстық драма театры салынып аяқталуға жақын.

Еліміздегі бірегей театрдың ашылу салтанатына байланысты Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының Облыстық драма театры, Қазақстаның және Ресейдің танымал жұлдыздары және театрдың орыс және қазақ труппа актерлерінің қатысуымен, екі тілде өткізілетін спектакль-концертіне сценарий  жазуға байқау жариялайды. Таңдап алынған шығарма үшін төленетін жүлде құны: 400 000 тг ( төрт жүз мың теңге). Бұл конкурс дарынды драматургтің өрлеуіне және  жеңімпаздың атын қазақстандық  театрдың  тарихына кіруіне мүмкіндік береді.

Конкурстың шарттары жөніндегі  толық  ақпаратты  театрдың ресми сайтынан алуға болады: www.vko-teatr.kz,  http://www.echo-yk.kz/.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз