Ахметжан Есімов жылдың үздік «ОРМАН ОТАУШЫСЫ» атанды

0
825

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жылдың үздік орман отаушысы деген атқа ие болды. Шаһар басшысына бұл атақты табиғат жанашырлары беріп отыр.

Табиғат жанашырлары Ахметжан Есімовке қол ара сыйлады
Алтын жалатылған ара мен орманшының орденін ұстаған «Көк жайлауды қорғайық!» қозғалысының белсенділері әкімшілік алдына жиналды. Себебі Алатаудың баурайында тау-шаңғы кешенін саламын деп, әкім жасыл-желекті жайратып жатыр – дейді жиналғандар.

«2015 жылы әкімдік 10 мың ағашты отап тастауды көздеп отыр. Осы жетістігі үшін алматылықтар атынан қадірменді әкіміміз Ахметжан Есімовке «Алтын ара» орденін табыстамақшымыз», – дейді  «Көкжайлауды қорғайық!» қозғалысының мүшесі Абай Ерекенов.

Алайда табиғат жанашырлары ерекше сыйлықтарын әкімнің қолына табыстай алмады. Себебі әкімшілік күзетшілері есікті ішінен іліп алған. Сондықтан алтын ара мен төсбелгіні басқа біреуден беріп жіберуге тура келді.

Источник: 7 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз