Владимир Школьник депутаттардан "дирижер" деген атақ алды

Үкімет сағатына дайындықсыз келген Энергетика министрі Владимир Школьник депутаттардан "дирижер" деген атақ алып шықты.

Владимир Школьник депутаттардан Мәжілісмендер қойған сұрақтарға жауап таба алмай, жазбаша жауап берейінші деп сасқалақтаған министрге вице-спикердің өзі көмекке келді деп хабарлайды 31-арна. Ал Школьник өзін "Ресейге бүйрегі бұрады" деп айыптаған қоғам белсенділерін "арандатушылар" деп атады. "Қазақстанға 40 жылдан артық еңбегім сіңді деген министр тіпті олармен сөйлесуге дәрежем жібермейді" деді. Энергетика министрі Владимир Школьник қабырғаға ілінген энергетикалық жобаларды мәжілістің вице-спикеріне өзі таныстырмай, қарамағындағыларға тапысырыпты. Өзі оларға алыстан қарап, кейде тіпті артына тығылып, басын қасып жүрген. Сөйтсе, Энергетика министрі үкімет сағатына мүлдем дайындықсыз келіпті. Әзірлеп берген баяндаманы оқып шығып, депутаттар сұрақ қоя бастағанда Школьник мырза орынбасарларынан көмек сұрай бастаған. Білдей бір министрдің төрт айдан бері ақпаратты жаттап үлгермедім деген сылтау айтып, қойылған сұрақтарды қарамағындағыларға сілтей беруі депутаттардың шамына тиді. Тіпті, мәжілісмендердің бірі мінбеде сасқалақтап тұрған Школьникті министр деп қабылдамай, таяғын сілтеп тұрған дирижермен "шатастырды". Депутаттардан дирижер деген атақ алып шықса да, Школьник мырза өзін көңілді ұстады. Дәрежесі жоғары, лауазымды шенеунік Школьниктің отставкаға кетпесе де, бұдан былай сабақ білмейтін оқушыдай болмайтынына депутаттар сенім білдірді.

Источник: 31 канал