Еліміздегі атом станциясын Жапонияның "Toshiba" компаниясы салады

Еліміздегі алғашқы атом электр станциясын Жапонияның әйгілі "Toshiba" компаниясы салады. Әзірге еш құжатқа қол қойылмаған деп, хабарлайды КТК арнасы.

Еліміздегі атом станциясын Жапонияның Бірақ, шетелдік компания наурыздың соңына дейін құны 4 миллиард доллар тұратын реактор мен стансаға қажетті жабдықтарды жеткізуге кірісіп те кетіпті. Жапондар Балқаш маңына жоспарланған құрылысты қолға алмақ. "Станцияның бірін Росатом салады. Ал, Балқашқа келсек – біз әлемде жасалып жатқан барлық жобаларды талқыға салып, арасынан үздігін таңдап жатырмыз. Нақты шешiм әлі қабылданбады. Дегенмен "Toshiba"-мен арада келісім бар", - дейді Энергетика министрі Владимир Школьник. Бұған дейін елімізде 2025-ші жылға дейін екі ірі атом электр станциясы салынады деп хабарланған болатын. Алайда, Энергетика министрі Владимир Школьник әлемдік дағдарысқа байланысты атом станцияларын салу уақыты кейінге қалуы да мүмкін деп отыр. Оның бірі Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласынан тұрғызылса, екіншісі Алматы облысы Балқаш көлінің маңайынан салынбақ. Нақ осы Балқаш өңірінен тұрғызылатын жобаға Үкімет "Toshiba" компаниясын таңдап отыр. Алайда, құны 4 млрд доллар тұратын жобаның тиімділігіне көпшілік күмәнмен қарайды.

Источник: КТК