Мамытбеков аграрлық оқу орындарын қоластына қайтарып алды

Біраздан бері тартысқа түскен министр Асылжан Мамытбеков дегеніне жетті. Елдегі аграрлық салаға мамандар дайындайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының барлығы енді ауылшаруашылығы министрлігінің қоластына өтетін болады.

 Мамытбеков аграрлық оқу орындарын қоластына қайтарып алды 40 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымы білім саласын ауылшаруашылық емес, білім министрлігі басқаруы керек деп қарсылық білдіргенмен, Білім және ғылым министрлігі араша түсе алмады.

"Шындығында қазір ауылшаруашылығы министрлігінің жанында үлкен білім және ғылым орталығы құрылайын деп жатыр. Сол білім және ғылым орталығының ішіне  3 жоғарғы оқу орны  және ғылыми зерттеу институттары кіреді", - деді  Білім және ғылым министрінің орынбасары Тахир Балықбаев. Осылайша, Мамытбеков мырза бастаған ведомоство өз ішінен отау тігіп, ауылшаруашылығына қажет маманды енді өздері дайындайды. Білім және ғылым министрлігі мұнымен тоқтамай, өнер саласында мамандар дайындайтын мемлекеттік және ұлттық мәртебесі бар 3 жоғары оқу орнын Мәдениет және спорт министрлігінің иелігіне беріп жатыр екен. Елдегі 127 жоғары оқу орнының ішінде тек жоғарыда айтылған білім ошақтары ғана бір бағытта мамандық дайындайтын болғандықтан, осындай шешім қабылданыпты. Алайда, әуел бастан қарсылық танытқан Астанадағы Қазақ агротехникалық университетінің басшылығы бұл бастаманың салдарынан ауылшаруашылығына қатысы жоқ мамандық алып жатқан студенттерге, обал жасаймыз ба деп алаңдаулы. "Ауылшаруашылығы саласындағы мамандардың 27 пайызын ғана дайындаймыз. Қалғандары экономиканың басқа саласында жұмыс істейтін адамдар. Оның арасында техникалық мамандар өте көп. Бұрын ауылшаруашылығы министрлігінде болдық. Бірақ  ол тәжірибе бізге ештеңе берген жоқ", - дейді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры Айтжан Әбдіров.

Источник: 31 канал