Танымал режиссер Қалдыбай Әбеновке шұғыл көмек керек

Желтоқсан көтерілісі туралы "Аллажар" фильмінің сценарий авторы әрі режиссері Қалдыбай Әбеновке көмек керек.

Танымал режиссер Қалдыбай Әбеновке шұғыл көмек керек Осыдан төрт жыл бұрын қатарынан инсульт пен инфаркт алған Қалдыбай Торғайұлының денсаулығы күн санап нашарлап барады.

Жанында жүргендердің айтуынша, гормоналдық дәрі дәрмектің арқасында әрең жүр. Денесінің бір жақ беті сал болып қалғандықтан, өз еркімен киіне алмайды, адам көмегінсіз серуендеуге де шыға алмай қалған. Желтоқсан көтерілісінің шындығын көрсетемін, көтеріліске қатысқандарды ақтап аламын деп талпынған режиссер батыл әрекеттерімен елге танылған еді. "Аллажар" фильмі желтоқсаншылардың ақталуына себеп болған дүниенің бірі. Жанындағы жолдастары денсаулығы сыр беріп, көмекке зәру болған Қалдыбай Әбеновке көпшіліктен жәрдем сұрайды.

Источник: 31 канал