Ресей мен Беларусьтен әкелінетін көліктерге қатысты мәселе шешілді

Ішкі істер министрлігі мен Инвестиция және даму министрлігі Қазақстанға Ресей мен Беларусьтен әкелінетін, бұрын қолданыста болған  көліктерге шектеу қою туралы келісімге келді.

Ресей мен Беларусьтен әкелінетін көліктерге қатысты мәселе шешілді Бұл туралы Колеса хабарлайды. Автомобильдерді әкелуге шектеу қойылатыны туралы ресми мәлімдеме жақын күндері жарияланады. Еске сала кетейік, еліміздегі көліктерге қолданылатын экологиялық нормалар мен қауіпсіздікке қатысты шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ құрамына енген соң, күшін жояды деп хабарланған. Алайда, автомобильдерді тіркеу тоқтатылып, ресми тұлғалар Қазақстанға тіркелу үшін қосымша құжаттар талап етілетінін айтты. Жоғары шенділер қабылдаған шешім қатардағы көлік жүргізушілердің пайдасына шешілмеген сияқты. Енді Ресей мен Беларусьтен әкелінетін автомобильдерге басқалармен бірдей талап қойылмақ: көліктер экологиялық Еуро-4 стандартына жауап беруі тиіс және өңделген газды бейтараптандыру жүйесі жұмыс істеуі қажет. Сонымен қатар, көлікте кем дегенде бір қорғаныс жастығы болуы керек. ABS, балалар орындығын бекітетін Isofix жүйесімен қамтылуы тиіс. Инвестиция министрлігі құжатты жақын күндері дайындап шығармақ.

Источник: NUR.KZ