Елімізде әлемдік деңгейдегі 2 колледждің құрылысы тоқтатылды

Білім және ғылым министрлігінің тағы бір жобасы тоқтатылды. 12 жылдық білім беру жүйесін орта жолда аяқсыз қалдырған ведомство енді әлемдік деңгейдегі колледждерді де салдырмайтын болыпты.Елімізде әлемдік деңгейдегі 2 колледждің құрылысы тоқтатылды

Бірақ ондағылар мұны да уақытша жағдайға балап отыр деп, хабарлайды КТК арнасы.

Бұған себеп – қаржының жоқтығы. Аталмыш министрлік екі оқу орындарының құрылысына 60 миллиард теңге сұраған еді. Колледждердің құрылысы екі кезекпен салынуы тиіс болатын. Оның біріншісі, міне мына Астана іргесінде басталып та кеткен. Тамыз айында бітуі тиіс деп жоспарланған нысанда қазір 400-ге жуық құрылысшы Сарыарқаның сары шұнақ аязына да қарамастан жұмыс істеуде. Дәл осындай колледж құрылысы Алматы қаласында да жүріп жатыр. Құрылысқа тапсырыс беруші "Кәсіпқор" қоры басшылары бұл салынып жатқан коллеждердің кейбір бөліктері қаржы тапшылығынан қысқарып та қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондықтан, Үкімет жобаның екінші кезегін уақытша тоқтатуды жөн көрген. Айта кетейік, елде теңдесі жоқ колледждердің салынуына мәжіліс депутаттары қарсы шығып, тіпті оларды ашу идеясын "колхозға" теңеген болатын. "Бірнеше жобаларға капиталдық шығындар қысқартылып жатыр. Бірнеше жобаларға құрылыс обьектілерге шығындар төмендеп барады. Сондықтан, біздің үкіметіміз бірінші кезекті аяқтауға тапсырма берген, ал екінші кезекті тоқтатуға", - дейді "Кәсіпқор" холдингі ақпараттандыру және логистика департаментінің директоры Айнұр Мұқанова.

Источник: КТК