Ахметов Өскеменде Қызыл алаңға ұқсас орын жасауды ұсынды

Шығыс Қазақстанға бірер ай бұрын әкім болып келген Даниал Ахметовтың алғашқы ұсынысы халық арасында нарызылық тудырды деп, хабарлайды 31 арна.

Ахметов Өскеменде Қызыл алаңға ұқсас орын жасауды ұсынды Даниал Ахметов

Өңір басшысы "Өскеменде бір түсті плитамен көмкерілген алаң ашайық", - деуі сол еді, сынға ұшырады. "Бір түстес плиткамен жабылған алаң болса. Мәселен қызыл түс. Жасыл түс те жақсы көрінер еді." Бұл сөздерді Даниал Ахметов облыстық әкімдікте өткен жиындардың бірінде айтқан. Көпшілік айтылғандардан, әкім Өскеменді Мәскеуге ұқсатқысы келеді деп түсінгенге ұқсайды. Даниал мырзаның көрші ел астанасында соңғы бірнеше жыл қызмет етуі әсер еткен болуы керек деген болжам да жоқ емес. Ал ғаламтор беттерінде облыс орталығының жалпы көрінісі Ахметовтің көңілінен шықпағандығы туралы көп жазылған болатын. Тіпті қала әкімі мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі өткен жылдың қарашасында сәулетімен танысып қайту үшін Мәскеуге іс-сапармен арнайы барып қайтқан.

Источник: 31 канал