Ахметов Өскеменде Қызыл алаңға ұқсас орын жасауды ұсынды

9
1980

Шығыс Қазақстанға бірер ай бұрын әкім болып келген Даниал Ахметовтың алғашқы ұсынысы халық арасында нарызылық тудырды деп, хабарлайды 31 арна.

Ахметов Өскеменде Қызыл алаңға ұқсас орын жасауды ұсынды
Даниал Ахметов

Өңір басшысы «Өскеменде бір түсті плитамен көмкерілген алаң ашайық», – деуі сол еді, сынға ұшырады. «Бір түстес плиткамен жабылған алаң болса. Мәселен қызыл түс. Жасыл түс те жақсы көрінер еді.» Бұл сөздерді Даниал Ахметов облыстық әкімдікте өткен жиындардың бірінде айтқан.

Көпшілік айтылғандардан, әкім Өскеменді Мәскеуге ұқсатқысы келеді деп түсінгенге ұқсайды. Даниал мырзаның көрші ел астанасында соңғы бірнеше жыл қызмет етуі әсер еткен болуы керек деген болжам да жоқ емес.

Ал ғаламтор беттерінде облыс орталығының жалпы көрінісі Ахметовтің көңілінен шықпағандығы туралы көп жазылған болатын.

Тіпті қала әкімі мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің жетекшісі өткен жылдың қарашасында сәулетімен танысып қайту үшін Мәскеуге іс-сапармен арнайы барып қайтқан.

Источник: 31 канал

9 ПІКІРЛЕР

  1. отырыстардың барлығын әкім тек қана орыс тілінде өткізеді, қазақша ресми сөйлеуді енді үйрене бастаған шенеуніктер орысшасына қайта оралып, қазақтілділері тілін сындырып, келсін-келмесін орысша сайрай жөнелді. Сапарбаевтың еңбегі еш кетті.

  2. Әкім өткізетін отырыстардың барлығы тек қана орыс тілінде өтеді, қаазқша ресми сөйлеп үйрене енді үйрене бастаған шенеуніктер орысшасына қайта оралып, қазақтілділері тілін сындырып келсін-келмесін орысша сайрай жөнелді. Сапарбаевтың еңбегі еш кетті.

  3. МОСВАДАН КЕЛІП АХМЕТОВ ӘКІМ БОЛМАҒАНДА ӨСКЕМЕННІҢ «АСПАНЫ АЙНАЛЫП ЖЕРГЕ ҚҰЛАР МА ЕДІ»,ҚАЗАҚШЫЛЫҚҚА БЕРДІБЕК ӘРЕҢ БЕТІН БЕРІ ҚАРАТҚАН ХАЛЫҚТЫ БҰЛ ӘКІМ «ҚЫЗЫЛ АЛАҢҒА» ҰҚСАС ҚЫЗЫЛ-ЖАСЫЛ САНАҒА СҮЙРЕМЕКШІ, ҚАСҚЫРДЫ ҚАНША АСЫРАСАҢ ДА ОРМАНҒА ҚАРАП ҰЛИДЫ ДЕГЕН ОСЫ ШЫҒАР..

  4. Орыстың артынан түскен мүжік асық,
    Қазағыңнан барасың қайда қашып?…
    Сен керексің оларға, «бір ақ сәтке»…
    Қаласың ау сонан соң, аузың сасып.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз