Лакшми Миттал "Солтүстік Кузбас" кәсіпорнын саудаға шығарды

ArcelorMittal компаниясы Ресейдегі көмір активтерінен құтылып жатыр.

Лакшми Миттал Ресейдегі "Коммерсант" басылымының хабарлауынша, үнділік миллиардер Лакшми Миттал 7 жыл бұрын 720 миллион доллар төлеп, қол жеткізген "Солтүстік Кузбас" кәсіпорнын саудаға қойды. Сауда туралы мәміле осы аптаның соңыда жасалуы мүмкін деген болжам да бар.

Көмір өндіру кені енді "Мәскеу ұлттық жылыту компаниясына" өтеді. Айта өтейік, өткен жылы кеніштегі өндіру жұмыстары үш есе қысқарған. Басылым таратқан мәлімет бойынша, ArcelorMittal кенішті 1,5 жыл бұрын саудаға қойыпты. Алайда Қырым ахуалына байланысты сатылым жұмыстары тұралап қалса керек. "Украинадағы дағдарысқа байланысты америкалық Alcoa да Ресей Федерациясындағы металлургиялық меншігінен бас тартып жатыр", - деп жазды ресейлік басылым.