Порошенко Донецкіні қайтаруға уәде берді

1
931

Украина президенті Петр Порошенко Киев елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистер басып алған аудандарды өз қарамағына қайтаратынын мәлімдеді.

Порошенко Донецкіні қайтаруға уәде берді
Қаңтардың 18-інде Киевте өткен Донецк маңындағы Волноваха селосында қаза тапқан 12 адамды еске алу шеруінде сөйлеген Порошенко Украина сепаратистерге территориясының «бір қарысын да бермейтінін» айтқан.
Шеруге қатысқандар қолдарына Украина туы мен «Мен – Волновахамын» деген жазулар ұстап шықты. Қаңтардың 13-і күні Волновахада жолаушылар автобусына артиллерия снаряды түсіп, 12 адам қаза тапқан. Киев оқиғаға сепаратистерді айыптайды.
Бірақ сепаратистер атқылауға қатысы барын жоққа шығарады. Жексенбі күнгі шеруге қатысқандар Украина шығысындағы қақтығыс құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыған ұқсас акциялар Украинаның бірнеше қаласында өткен.

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің өкілі Дмитрий Песков Порошенконы Путиннің «бейбіт жоспарын» қабылдамай қойды деп айыптады.

Жексенбіде Песков Путин қаңтардың 15-сінде Порошенкоға украин әскері мен сепаратистер арасындағы қақтығысты тоқтатуды ұсынып хат жолдағанын хабарлаған.

Хатта екі жақтың да ауыр артиллерияны әкетуі айтылған.

Песковтың сөзінше, Порошенко бұл ұсыныстарды қабылдамай қойған және өз тарапынан басқадай ұсыныс білдірмеген. Путин хатының көшірмесі ресейлік НТВ телеарнасында жарияланды.

Хатта Путиннің «екі жақты атысты тоқтатып, ұрыс жүріп жатқан аудандардан диаметрі 100 миллиметрлік калибрдегі қару-жарақтарды дереу әкету амалдарын қарастыруды» ұсынғаны айтылған.

Бұған дейін антитеррористік операция орталығының өкілі Андрей Лысенко сепаратистердің соңғы апталарда басып алған территорияларын үкімет бақылауына қайтару операциялары басталғанын хабарлаған.

Ал өзін-өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» жетекшісі Александр Захарченко Киевті «жаңа соғыс бастады» деп айыптады. Ол Донецк мен Луганскінің тұрғын үйлер орналасқан аудандары атқыланған дейді.

Источник: Азаттық

1 Пікір

  1. Президент П.Порошенко ,правильно делает. Донбасс должен взят любой ценой ,нарушился ЕГО территориальная целостность государства УКРАИНЫ .Так как Россия очень сильно поддерживает людским ресурсом сепаратистов ,ДНР ЛНР.Надо конкретно определить Сепаратисты Не законное вооруженное банд формирование, когда Россия воевало в ЧЕЧНЕ . Я лично за Украину за его победу над сепаратистами. Казахстан тоже находится в зоне потенциального РИСКА в своих северных территориях.Где гарантия завтра в Костанайе КНР , в Петропавловске ПНР, в Павлодаре ПаНР ,В Усть Каменногорске УкНР ,не кто же НЕ знал, как в Украине в один миг два братского народа перестали кровными врагами.Не ужели нам тоже придется ПОРОХ держат в сухом месте ,не дай БОГ конечно.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз