Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада әкімдіктерде және Қаржы министрлігінде тағайындаулар болды. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптадағы кадрлық тағайындаулар

Сонымен, Қаржы министрінің бұйрығымен Мұхтар Бейсембаев алмастыру тәртібімен Президент әкімшілігіне ауысуына байланысты Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің төрағасы ретінде атқарып отырған қызметінен босатылды. Қаржы министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен Айдар Мекебеков Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары; Азамат Мелдебеков Мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ал Амандық Молдашев Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті төрағасының орынбасары ретінде атқарып отырған қызметінен босатылып, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне ауыстырылды.

Өтіп бара жатқан аптада Астана әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды.

Тайжанов Айтбай Астана қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау аймақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды. Ал Әділханов Дүйсен Астана қаласы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. Сонымен қатар Астана қаласы әкімінің өкімдерімен: Есімова Бақыт қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы, ал Құсайынова Ләззат Астана қаласы әкімі аппаратының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Мұнымен қоса, бұл аптада Ақмола облысында Зеренді ауданының жаңа әкімі тағайындалды. Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің өкімімен және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Асқар Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды. Соңғы қызметі 2012 жылғы қазаннан бастап Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарады. Атырау облыстық сотында Атырау қалалық сотының төрағасы лауазымына президент жарлығымен тағайындалған Ерманов Алмат ұжымға таныстырылды. Бұдан бұрын Ерманов Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарған. Бұдан бөлек, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ басқарма құрамының кеңейгені және бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметіне бұған дейін бизнесті дамыту бойынша басқарушы директор қызметін атқарған Дастан Абдулғафаровтың тағайындалғанын хабарлайды. Жаңа қызметте Абдулғафаров компания басқармасының мүшесі болып қала бермек. Бұған дейін бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған Жаннета Бекежанова өз еркімен қызметінен кетті.

Источник: ИА "Казинформ"