Украиналық мұғалім Рамзан Қадыровты жекпе-жекке шақырды

рамзан қадыров

Донбаста украиналықтарды өлтіріп, адам тонап жүрген шешен лаңкестері өлексе жейтін қорқаулар

56-жастағы Украиналық оқытушы Василий Монастирищенский Фейзбуктегі бетінде Рамзан Қадыровты жекпе-жекке шақырды. Оқытушы өз ісінің дұрыс екеніне бек сенімді. Ақиқаттың өзіне жақтасатынын атап өтіпті. Енді өзіне сөз берейік: “Мен Рамзан Қадыровты, Кремльдің қолдан қойған қуыршағын жекпе-жекке шақырамын! Соңғы күндері баспасөз беттерінде Рамзан Қадыровтың Ресей президенті В. Путиннге Украинаға қырық мың адамнан тұратын шешен жалдамалыларын жіберуге өтініш білдіргені жазылды. Бұл дегеніміз, қанға батыру, аналардың көз жасын көлдетіп, бізге тағы үлкен қасірет әкелмекші деген сөз. Баяғы русичтерде ұрыстың алдында жауын жекпе-жекке шақыратын дәстүр болған. Мен осы дәстүр бойынша Шешенстанның президенті Рамзан Қадыровқа бірге-бір шығып, айқасуды ұсынамын. Оған арнайы хат жіберетін мүмкіндігім жоқ. Сондықтан осындай әдіспен жолдап отырмын. Өтірік айтып қайтемін. Кремльдің асырандысынан әлсіздеу екенім анық. Жасым да отыз алтыда емес, елу алтыда. Бірақ менің ақтық арпалысқа күшім жеткілікті. Мен Украина үшін, Отан үшін жан тапсырған ұлдарын жоқтап жатқан аналар үшін, балалар мен оқушыларым үшін осындай қадамға бармақпын. Саған күшім жететініне сенемін. Құдай да күштілерге емес, ақиқатты бетке ұстайтындарға ғана жақтасады ғой. Шешендер еркіндікті сүйетін ақылды әрі қонақжай халық. Өздері де кезінде Ресейдің басқыншылығынан қатты зардап шеккенін білеміз. Шешен патриоттарының байрағында бөрі бейнеленгені тегін емес. Әрине, қасқырдың аюға күші жетпейді. Бірақ қасқырды ешқашан цирктің сахнасына алып шыға алмайсың. Қазір Донбаста украиналықтарды өлтіріп, адам тонап жүрген шешен лаңкестерін қасқырға теңеуге болмайды. Бұлар шибөрілер. Тіпті шибөрі деуге де келмейді. Өлексе жейтін қорқаулар. Бұларды қолға үйретуге, аялауға болмайды. Олардың тек көзін құрту керек. Өзінің салты мен дәстүрінен, тарихы мен дінінен безген бұлар қазір шешен халқын арын аяққа таптап жатыр. Орыстар да кезінде шешен халқын дәл осылай өлтірген болатын. Өкінішке қарай, араларынан бір сатқын шығып, ұлтын қорғаудың орнына, тағы да сатып кетті. Қазір аузынан көбігі ағып, қожайнына қалайда жаққысы келіп, жарамсақтанып жатыр. Қорқауға өз халқының көз жасы мен ақққан қаны аз көрінуде. Енді ешқандай ресейсіз, өз жерінде, өзінің тал бесігінде жақсы өмір сүргісі келетін Украина патриоттарын қаңға бөктіруге жанталасып жатыр. Рамзан, мен сені жекпе-жекке шақырамын! Жендеттеріңнің қолынан өлген украиналықтар үшін, жазықсыз жандар, аналар мен балалар үшін кек алмақшымын сенен. Егер Құдайға сенсең, қаншама адамның көз жасы текке кетпейтінін білесің. Түбі сен осы қылмыстарыңның қарымтасын көретін боласың. Қарғыс атсын сені қанышер сатқын!” Жолымбет Мәкіш namys.kz