Британ газеті ШЫҢҒЫС ханды ҚАЗАҚ деп жазуда

33
6160

Ағылшындардың “The Guardian” газеті “Постсәбеттік әлем: Мұндағы 15 мемлекет туралы сізге ең алдымен нені білу керек” деп аталатын мақаласында Қазақстанға арнайы тоқталып өткен. Онда  әлемге әйгілі тұлға Шыңғыс ханды ең танымал қазақ (император) деп жазыпты. Ал Боратты ойдан шығарылған кейіпкер деп атап өткен екен…

http://www.theguardian.com/world/2014/jun/09/-sp-profiles-post-soviet-states

namys.kz

33 ПІКІРЛЕР

  1. Шыңғыс ханды қазақ – деп ұрандап жүрген адамдарды түсіну қиын. Ол қазақ болса неге біздің жерді жаулапты، әлде біздің тарихмыз өтірік идеология ма..؟

  2. Қәзіргі моңғол жері Шыңғыс бабамыздың аталарының ертеде қоныстанған мекені, негізінде ТҮРІК- -ҚАЗАҚтың төл мекені Алтай, Жетесу, Сары Арқа. Заман талабына бейімделіп киелі мекенді тастап кету жиі болған. Үлы Шыңғыс қаған төл мекеінде дуниеге келген. Тарихты түсінген адам біледі, адамзат жаратылғалы ежелгі сақ ғұн түрік-қыпшақ қаншама қырғын болсада төл мекенге оралып отырған, себебі ата-бабалары Тұранда қәзіргі ҚАЗАҚ жерінде жерленген, сондықтан қасиетті мекен, өзіңе қара сенің қаныңда сол қасиет сақталған. Шетел тарихшылары Шыңғыс қағанның Түрік-Қазақ екенін бұрыннан білген, жазылды тарих беттеріне. Қайран бабаларымыздың аруағы жібімей- ұрпағы байымас, яғни құт-береке дарымас.

  3. Түркістан

    Түркістан — екі дүние есігі ғой,
    Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
    Тамаша Түркістандай жерде туған
    Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

    Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
    Тұранда ер түрігім туып-өскен.
    Тұранның тағдыры бар толқымалы,
    Басынан көп тамаша күндер кешкен.

    Тұранның тарихы бар отты желдей,
    Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.
    Тұранның жері менен суы да жат,
    Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.

    Тұранның егі-шексіз шөлі қандай,
    Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
    Тұранның дария аталған өзендері
    Тасыса, шөлді басқан селі қандай!

    Тұранның таулары бар аспанға асқан,
    Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
    Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
    Жаралып таудан аққан салқын жастан.

    Шөлдер бар, жел де жүрмес, сап-сары құм,
    Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.
    Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
    Сары құмда салар ойнақ пері мен жын.

    Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
    Шалқыған егі-шетсіз Теңіз, Арал.
    Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
    Бауырында дүние көрген түрік көкжал.

    Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,
    Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
    Киелі сол екі су жағасында
    Табасың қасиетті бабаң бейітін.

    Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
    Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
    Еріксіз ер түрікті ойға аларсың
    Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.

    Балқашты бауырына алған Тарбағатай,
    Жоталы, жер кіндігі – Памир, Алтай.
    Қазығұрт қасиеті тау болмаса,
    Топанда Нұх кемесі тоқтар қалай?

    Тұранның жері де жат, елі де жат,
    Құйындай бастан кешкен күші де жат!
    Тұранды түгелімен билеп тұрған
    Ертеде ертегі хан Афрасияб.

    Ежелден жер емес ол қарапайым,
    Білесің, тарихты ашсаң Тұран жайын.
    Тұранға қасиетті құмар болған
    Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.

    Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
    Түрікке адамзатта ел жеткенбе?
    Кең ақыл, отты қайрат,жүйрік қиял,
    Тұранның ерлеріне ер жеткенбе?!

    Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
    Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
    Шыңғыстай арыстанның құр аты да
    Адамның жүрегіне жігер берер.

    Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, Төле
    Атаға тартып туған бәрі бөрі.
    Шыңғыстың қол бастаған екі көзі —
    Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе.

    Тұранның билері бар Тарағайдай,
    Сол биден Темір туған от боп ойнай.
    От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
    Жарқ етіп өте шыққан найзағайдай.

    Тұранды мақтамаймын тіпті текке,
    Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке.
    Сырласқан үйде отырып аспан-көкпен
    Білгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.

    Асыл қан – қасиетті түрік қаны,
    Сол қаннан — Ибн-Сина Әбуғали.
    Молдығы білімнің сиқыр дерлік,
    Дүниеге мұндай адам тудыма әлі?

    Түріктің кім кеміткен музыкасын,
    Фараби тоғыз ішекті домбырасын
    Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
    Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!

    Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
    Түріктен басқа от болып жан туып па?
    Көп түрік енші алысып тарасқанда,
    Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?

    Арыстан елге Отан болған Тұран,
    Тұранда қазағым да хандық құрған.
    Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы
    Тұранның талай жерін билеп тұрған.

    Әділ хан аз болады Назардайын,
    Алашқа Есім ханның жолы дайын.
    Тәукедей данышпан хан құрған екен
    Басында Күлтөбенің Құрылтайын.

    Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
    Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
    Тұранның топырағында тыныштық тапқан
    Алаштың арыстаны — Абылай ері…

    Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме,
    Түркістан алты алашқа болған Кебе.
    Тұранның топырағын құшып жатыр
    Кешегі ердің ері көкжал Кене.

    Шер батса — кім іздемес туған елін,
    Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
    Арқанын ардагері – қалың алаш,
    Тұран да, біле білсең, сенің жерің!

    Қырағы Тянь-Шань мен Памир, Алтай,
    Күтеді көптен сені қарай-қарай.
    Кене мен Абылайдың жолын қумай,
    Жапанда жайылудың мәні қалай?!

    Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,
    Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
    Киелі – сол екі су жағасына,
    Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!

    (Мағжан Жұмабаев)

  4. Шынгыс коп каланы киратты,рас неге сол калалардын коби кытайга боданы болатын,жане коптеген уак хандыкка болинген бир-биримен кыркысып жаткан кошпели ел еди, Ал Шынгысхан барин бир жуйеге келтирди конбегенин кырды жойды, Шынгыс болмаса бари озди озди кыркысыпижок болатын еди. :zhlau:

  5. Ойланып карайыкшы жасак заны бойынша казак ханы болуы ушин мындетты турде шынгыс ханнын урпагы болуы шарт. Ал шынгыс хан монгол оган талас жок! Шынгыс хан киратушы залым хан. Мумкн шынгыс хан улы тулга болган шыгар . Брак мен шынгыс ханды озыме улгы тутпаймын.ол казакпа монголма мены кызыктырмайды. Маныздысы казак хандарынын барлыгы шынгыс ханнын урпагы :aaa:

  6. Бугинги Монголия деп аталатын мемлекет 1921 ж. гана Кремльдин комегимен Кытайдан тауелсиздик алды. Шындыгында Кытайдын солтустигиндеги шыгу теги ар турли кошпенди тайпалардан курастырылды. Ол тайпалар кешеги калмак, жонгар, ойрат, меркиттердин жане кейбир турки тайпаларынын калдыктары еди. Ол тайпалар Шынгыс империясы кулаган сон 1368-1921жж. аралыгында 653 жыл бойы ПЕКИН сарайынын отары болды. Олардын курамында типтен кейбир казак тайпалары да болды. Ал, тарихта Монгол мемлекети де, монгол хандыгы да болган жок. Онтустик-шыгыс Казакстандагы Жетису жеринде (Онтустик Казакстан, Жамбыл, Алматы облстарын, Солтустик Кыргызстан мен Озбекстаннын солтустик-шыгысындагы кейбир жерлерди жане Шыгыс Туркистаннын батыс болигин де камтыган), 1348ж. курылып, 16 гасырда ыдыраган МЫНКОЛСТАН (1000+кол+стан) деп аталатын МУСЫЛМАН мемлекети болды. Ол Мынколстаннын Монголияга катысы жок. Ал, Шынгыс хан турки болды, монгол емес. Айналасындагы сериктери де туркилер болды. Туркилер мен монголдар екеуи еки болек этника. Оган далел жеткиликти… Демек, Шынгыс хан монгол емес. Демек ол–ТУРКИ. Сол туркилердин урпагы, мына биздер, казактармыз.

  7. Бугинги Монголия деп аталатын мемлекет 1921 ж. гана Кремльдин комегимен Кытайдан тауелсиздик алды. Шындыгында Кытайдын солтустигиндеги шыгу теги ар турли кошпенди тайпалардан курастырылды. Ол тайпалар кешеги калмак, жонгар, ойрат, меркиттердин жане кейбир турки тайпаларынын калдыктары еди. Ол тайпалар Шынгыс империясы кулаган сон 1368-1921жж. аралыгында 653 жыл бойы ПЕКИН сарайынын отары болды. Олардын курамында типтен кейбир казак тайпалары да болды. Ал, тарихта Монгол мемлекети де, монгол хандыгы да болган жок. Жетисуда Мынколстан (1000+кол+стан) деп аталатын мусылман мемлекети болды. Ол Мынколстаннын Монголияга катысы жок. Ал, Шынгыс хан турки болды, монгол емес. Айналасындагы сериктери де туркилер болды. Туркилер мен монголдар екеуи еки болек этника. Демек, Шынгыс хан монгол емес. Демек ол–ТУРКИ. Сол туркилердин урпагы, мына биздер, казактармыз.

    • Түркі дегені күмəнді.Түркілер Шыңғысхан туғанға дейін бұл өлкеден көшіп кеткен.Одан да татар,башқұрт,сияқты қыпшақ тобына жататын халықты айтсаңыз сенімдірек болар.

  8. Шыңғысханның тегінің қазақ екендігі дауға да, күмәнға да жатпайды. Егер кімде-кім мұны мойындай алмаса, онда ол адамның Дарвин «ілімінде» айтылғандай маймылға бала болғаны.
    ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫНДА: Шыңғыс ханды Қазақтың суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) былайша жырлапты:
    …Кешегі Дүиім Баян кеткен соң
    Алты жыл анық өткен соң,
    Ар-сар болып жүрегі,
    Қанға толып білегі,
    Шыңғыс туды Арқардан?.(2)
    Оның туған тұқымы
    Патша болып таралған.
    Осы бір сөздер көңіліме
    Бұрынғы өткен үлкеннен
    Қағида болып қалынған.
    Шежіре болып жазылған
    Тілімі түзу бағытты
    Көңілім зерек қалыпты.
    Аңдаған жақын, алысты,
    Болжаған қисық, шалысты,
    Бұрынғы қарт атамның сөздерін
    Құлағым естіп, көргенін
    Осындай құралы келген жерлерде
    Шығарып жүрмін жарыққа.
    Шариғат қарап, жол пәмдеп.
    Мұсылманға үмбет деп,
    Атасын анық білмеген,
    Айтса болар мүрдет? деп..(3)
    2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын. Шыңғысхан елінің ұраны «Архар» болатыны осыдан.
    3 – Кәпір деп отыр.
    Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!
    «Шын ұлындай Шыңғыстың
    Сұрасаң асыл тектері,
    Ерлігін айтып мақтасам
    Толып жатыр еткені». Бұл Адайдың ақиық ақыны атанған Сәттіғұл Жанғабылұлының «Адайдың он жеті бай-мырзасына айтқаны» атты толғауындағы Адай ата ұрпақтарының «Ірілік жақтан озғандарының» қатарында аталады («Аманат» Алматы-1996. 206 бет).
    Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны Қазанғап өзінің ата-тегі жайлы жырында:
    «Төле дейді ұранын,
    Қоғалы дейді тұрағым,
    Бақтиярдан ажырап
    Бәйдібек бай, Жәнібек
    Жалғыз ұлы Жарғышақ
    Домалақ деген ананың
    Албан, Суан, Дулат боп,
    Бөлініп бері шығамын
    Жарылғамыс, Жанту боп
    Жаныстан келіп тарады
    Патша менен ханы көп
    Ілгері өткен заманның
    Ұлы Шыңғыс ханыңды
    Алдымен баян қылайын» (Төле би. –Алматы 1991.-18 бет.) Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.
    «Зұлқарнайын Ескендір»,
    «Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,
    «Қырық тарау ноғайлық»
    Дастандарым тағы бар,
    Бәрі бізден табылар.
    «Бұл да болмайд» десеңіз,
    Мына отырған жыршыңыз
    Жан қалтасын қағынар.
    Өздеріңнен аяйтын
    Жыршының не жаны бар?!. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап берерің сөзсіз.
    Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.
    «Дүйімбаян, Шыңғысхан –
    Нәсілің нұрдан жаралған,
    Халқына әділ қараған
    Ауыз тимей парадан,
    Пақыр-міскін, бай мен бек,
    Жарлы, жалсыз, аз бен көп
    Бәрінде бірдей санаған» (Сәттіғұл «Аманат» Алматы 1996 115 бет). Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес.
    Сол сияқты Адайдың Қосайы Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) өзінің «Адай тегі» атты толғауында:
    «…Он төрт қабат жер мен көк,
    Жаратылған нұрдан, – деп –
    Атамыз Сапи, Сапиолла,
    Жаралған топырақ, құмнан,-деп,
    Хазіреті Шейіш пайғамбар!
    О да жаратылған
    Бір алланың ішінен,
    Рақым еткен күшімен,
    Бір тамшы тамған судан, – деп,-
    Әр нәрсе солай болатын,
    Алланың еткен ісімен,
    Естуіңіз жоқ па еді;
    Хазіретті Айсаны
    Мариям ерсіз туған, – деп,-
    Ол күндегі пендеге
    Ғайыптан талай бала келіпті
    Мезгілсіз туған бір күннен,
    Жалтыраған сәулеге
    Жеті қабат жер астында
    Сарайдың іші толыпты
    Онан Дүйім Баян хан
    Бізге келіп жолықты
    Оның туған анасы… десе, тағы бір көне жырда:
    «Дүйін Баян – Шыңғыс хан,
    Нәсілің нұрдан жаралған» деп, аруағын атап, бас иіп, тағзым етіп жүретін болған. Дүйім Баян дегені – Шыңғыстың арғы атасы, жазба деректерде Дубу Баян делінеді. Нұр деп Әлеуке (Алан-гуа) ананың нұрдан бала туғанын айтып отыр.
    Тура осындай деректі, яғни Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оның «нәсілінің нұрдан жаралғандығын» Адай – Тобыштың – Зорбайы Бәйімбет Телеуұлы «Замананың құлқына» атты жырында:
    «Ертеде өткен ерлерден
    Ноғайлының Едіге,
    Шыңғыстың өткен заманы
    Асылы нұрдан жаралған,
    Таймаған жолдан табаны» деп жырлаған.
    Бүкіл әлемді мойындатқан Мұңал мен Шыңғыс ханның тегінің Қазақ, Адай екендігі Манқыстаудың өзге ақын-жырауларының шығармаларында да айқын көрініс тапқан. Мысалы, Адай-Мұңал-Жары-Тастемір ұрпағы Сәттіғұл Жанғабылұлы (1876-1966) атамыз:
    «Атамыз Адай – Мұңалдың
    Кіші жүздің ішінде
    Қарасам қатар теңі жоқ,
    Шашылған дабыл-даңқыңның
    Баяны болса кемі жоқ.
    Бүгінгі жүрген адамнан
    Дәрежесі артық жаралған,
    Адайдан Мұңал болғанда
    Тұсында озған ешкім жоқ» (Жыр-дария 252 бет).
    Адай- Қосай ата ұрпағы Қалнияз жырау Шопықұлы (1816-1902):
    «Ақ ордасы Адайдың
    Үлкен үйім Мұңалсың,
    Батырда өзің, пір де өзің
    Ұлы жиын құралсың,
    Төрт мұңалым тұрғанда
    Басқасы келіп Адайдың
    Қолынан қалай ту алсын?!! (Жыр-дария. 43 бет). Өте әділ бағасы берілген, Шыңғыс ханды (мұңалдарды) әлемнің ең ұлы тұлғалары деп ЮНЕСКО да мойындаған жоқ па?!
    Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Маңғыстаулық Қалнияз ақын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:
    … «Аржағым Алаш ұранды
    Ел едік байтақ құралды
    …Хан көтерген қазақпыз
    Шыңғыс хан – арғы бабаңды»… деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары» (52 бет).
    «Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
    Қайран саланың жатқан аңғары-ай.
    Ақ шалмалы пірлердің
    Мешітке жаққан шамдары-ай!
    Кәпірден теңдік алуға,
    Қайтып та келер деймісің,
    Мұсылманның баласы,
    Шыңғыстан туған хандар-ай»… Бұл Қазтуған жыраудың атынан айтылған Мұрат ақынның
    зары. Біз бұдан бүкіл қазақтың 700-800 жыл бойы, Шыңғыс қағанды әулие деп қадір тұтқанын көреміз.
    «Шыңғыс, Бату хандық құрып тұрған ел,
    Қарақыпшақ Қобыландылар туған ел,
    Ерегескен дұшпан-жауын қуған ел
    Емес пе едің – жұртым саған не болды?!».. (Ғұмар Қараш). Қазтуған да, Мұрат та, Ғұмар Қараш та Шыңғыс ханды қазақ деп анық айтып тұрған жоқ па?

    Ал, Шыңғыс қағанның өзі елінің амандығын ойлап, ұрпағына мынадай сөз қалдырыпты:
    «Құлаш бойымнан тұтамы қалса да,
    Сен аман бол, Төре елім!
    Тұла бойымнан қайратым кетсе де,
    Сен аман бол, Ұлысым!» (С.Сыпатайұлы «Алаш, үш Жүз һәм Қазақ»).

    Адайдың әйгілі жауынгер – ақыны Қалнияз Шопықұлы «Бұл Адайдың атасы» толғауында:
    «…Бұл Адайдың атасын,
    Төре сүйек, ер деген.
    Нәсілім төре болғасын,
    Қай жерімді кем деген…»-дейді. Бүгінгі өздерін біз жүзге жатпаймыз деп жүрген Төрелердің тегі осы. Олардың да ұраны «Архар».

    «…Танымадың атаңды,
    Қазақтың ұлы қағаны
    Шыңғысхандай бабаңды.
    Танымасаң атаңды
    Танытайын мен саған
    Атамыз Мұңал Жарыдан
    Мұңалжар деген тау қалған (Ақтөбе облысы, орысша Мугаджар деп аталады).
    Ұлытауым ардақтым
    Сарыарқамның төсінде,
    Шыңғыстау деген тау қалған.
    Сол Шыңғыстың шыңында,
    Мұңал деген шың қалған
    Алтайдың арғы шегінде
    Мұңал деген ел қалған (қазіргі Монғолия).
    Тоқтамасаң оғанда,
    Соншама милау болмасаң,
    Айтқан сөзге көнбесең,
    Ақиқат деген ауылдың
    Қонағы болып «қонбасаң»
    Ұрпағы оның мен қалғам.
    Атамыз Жары болған соң,
    Шыңғыстан әрі болған соң.
    Тоқтамыс-Табай шығады,
    Жошыдан бізге қалған жол» (Шыңғыс Хан ұрпағы; Жары-Тоқтамыс-Табайтегі; Аманжол
    Орынбасарұлы Шеркешбай. «Адай тегі» толғауынан үзінді).

    • Қазақ болмаса неге Алтын орда деп қазақша атаған, Монголша неге атамаган,
      егер монгол болса Атырау об.да неге Монголдардың бірде бір тайпасы қалмаған.Монгол болса неге бала кезіндегі аты Темирши болған( темір, темур)үлкейгендегі аты неге Шың-құз болған?.

  9. Асыл кездік қап түбінде көп жатпас, бәрі уақыт еншісінде,бұл салада көз майын төгіп жүрген аға бауырларымызға Жаратушы жар болсын.

  10. Мұхтар Мағауиннің «Шыңғыс ханын» оқып шықтым. Өте керемет! Жоғарыдағы пікірлердің бірінде «Шыңғыс хан қазақтың барлық қалаларын қиратты» депті. Мағауинше көзқараспен қарар болсақ, Шыңғыс хан қазақ қалаларын Хорезмдіктерден қайтарып берген. Тіпті, сол қалаларға басшы етіп сайлап кеткен адамдарының бәрі қазаққа сіңісіп, тіпті, Жошының ұрпақтарының бәрі қазақ хандары болған жоқ па? Абылайды арғы атасы шыңғыс хан болғандығын алға тартып кім моңғол дей алады? Шыңғыс ханды қазақ деп дәлелдеп жатса, тіпті соны дәлелдеуге тырысып, бүйрегіміз бұрып жатса, оған қуану керек сияқты…

  11. Шын.Құс.Хан.Теміршын,Қоңырат,Көктің ұлы екенін әлем баиағыдан біледі,тек жасырды Қазақтардың тарихын жасыру үшін.Шоқан Абылаиды Көктің ұлы пәрменімен хан саиланды деиді.Мағжан Жұмабаев Түркістан екі дүние бісігіғои деп жырлаған өлеңінде,адамзатта Шын.Құс.Хандаи ер жоқ,оның құр атыда жүрегіңе жігер береді деп жырлаиды.Сосын Мағжан бабаңды іздесең Сыр Дарияның боиынан ізде деген.Ол бабамыз Сүткент қаласында туылған Сыр боиында.Бұны да бір күні сырттан есітерсіңдер.Өиткені бізің елде әділдік деген атымен жоқ,ұрушылдық,күндестік,жікшілдік барлық ел болмаитын қасиеттердібоиымызға жинадық.Сол себептен,бір бірімізге ашқызбаи,сыртан естиміз.Көп сөз боқ сөз.Қаласаңдарда қаламасаңдарда осы.Сосын Шын.Құс.Ханға тіл тигізгендер,бұрмалаушылар,Жаратқан иеміздің қақарына ұшыраисыздар,сақтаныңыздар.

  12. Шыңғысхан таза қазақ, әкес і қият , шешесі қоңырат тайпасынан. Балалары, танымал қолбасшыларының аттары қазақша. Шын есімі Темуджин емес Теміршін (синонимі қазақша «құрыш») деген мағына.
    Шыңғысханды қанішер дегендер қателеседі, оның заманында барлық ханның арманы әлемге билігін орнату болған, тек қана мықты елдердің қолынан келген.
    Ал неге Шыңғысхан моңғол болып кетті дегенге келсек ол былай: Біздің тарихымызды орыстар жазып жазып бергенін білеміз, ал олардың мақсаты қазақты отарлау. Ең алдымен бір ұлтты жоқ қылу үшін оның тарихын өшіру керек. Ресей патшалары қазақтың тарихы бай Шыңғысханның ұрпағы екенін жақсы білген жане Алтын орда кезінде ресейдіңде қазақтарға бағынышты болып салық төлеп отырғанын жасыру мақсаты болды.
    Сол себепті қазақтың Ұлы ханын моңғолға теліп жіберген. Тағы бір мысал Шыңғысханның құрамында болған ірі рулар қазіргі қазақ рулары (қият, қоңырат, найман, адай, керей, меркіт, жалайыр, т.б. көптеген рулары бар).

  13. Бұның бәрі болжамға сүйенген пікірлер. Бұл пікір арандатушылық мақсатымен жазылған да болуы мүмкін. Сол үшін ашықкөзді болайық ағайындар!

  14. Гиззат Досжан… ВЫ назовите одного ,Исторического персонажа который НЕ делал этого – ?. В.И.Ленин Коммунисты больше убили красным террором, бывщих своих граждан СССР. 1928.г. Конфискация , 1932. г. голода мор.1937.репрессия . Совершено уничтожение собственных граждан ,больше чем Немецко фашистских захватчиков. ЕРМАК после распада Золотой Орды прошел по Сибири до дальнего ВОСТОКА , кто сопротивлялся всех казнили.Захватил весть СИБИРЬ ,который является частью РОССИИ. Александр НЕВСКИЙ , НАПОЛЕОН Бонопарт, ГИТЛЕР, Муссолиннии , Франко. СТАЛИН. все эти люди исторические личности ,хотя они совершали преступления.МИР знает ИХ , НО меня и ВАС не знает. А на счет ЧИНГИС ХАНА ,ВЫ гордитесь ЧТО его МИР признает ,что ОН казах. Британская газета ГАРДИАН ,который имеет более 500.млн своих читателей ,это информ не шуточный. с/у Болат.

  15. Шыңғыс ханды қазақ қылудың керегі жоқ. Қаншама ұлтты, қаланы, мемлекетті қиратты. Оның (Шыңғыс ханның) көзі тірі кезінде мұңғылдардың адам өркениетіне қосқан несі бар екен? Осыны еске алғанда қазақтар жасағыш емес қиратқыш ұлт болып шықпайма?

  16. Он ШИНГИС ХАН Он действительно ОН казах. Все казахи который прибыли из МОНГОЛИИ ,почему то МЫНКОЛИЯ в корне слова МЫН ,это на казахском языке означает МЫНКОЛ «тысяча рук» . ШЫНГИС ХАН. здесь корень слова ШЫН -это можно переводить как ПИК ,значить самая высокая место в горах. А Шингис хан – это Самый Высокий ХАН.это в прямом переводе с казахского языка.Я об этом давно знал.

  17. монголдын ата бабасына несине таласасындар жайдарына жүрсендер нетти Шынгыс хан хазах десе де сендерге бөлип берери белгили емес па

    • сен тарихха жаксылап унил тарихта монголия деген угым бурын болдыма жокпа сендерди ойлап тапкан сталин мен кытайдын маосы 1921еншилеринди болип берип турар рыскулов атамыз астаналарыннын атын уланбатор деп койган оз негизги ата бабанды издеп тап сорлы

  18. Оның казах екеніне біріншіден өзіміз сенуымыз керек. Және сендырумыз керек. Bakhit сияқты кері тартпай. Уақыт келеді оны бүткіл әлем мойындайды Шынгыс ханды казах екенін !!!

  19. Bakhit, қазақ екенін дәлелдеуге тырысқандар, моңғол екенін дәлелдеуге тырысқандар екі жақтың да дәлелі бар, бірақ екі жақтан да нақты фактпен ДНК дәлелі жоқ, атаңның басына моңғолдарға болысып отырмысың?!

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз