
Калачи жұрты жиылып, тілшілерге мұңын шағып тұрғанда қымбат көлігімен ойқастап өте шыққан осы депутат Қайрат Әлібек болатын.
Халық қалаулысының өзі аудандағы экологияға жауапты. Енді ол да ауруханада жатыр. Депутатпен бірге жергілікті кәсіпкер мен тағы бір тұрғын ұйқыға кеткен.
Ал күні кеше ғана осы ауылдық округ әкімі Әсел Сәдуақасова да дел сал күйінде ауруханаға жеткізілген еді. Қазір шенеунік ұйқысынан оянып, ем дом алуда.
Жалпы ауру қайта ушыққан өткен айдан бері Калачиде жүзге тарта тұрғын ұйықтап қалыпты. Себебін сол күйі ешкім анықтай алған жоқ.
Жұрт ескі уран кеніштерінен көргенімен, мамандар ауада ешқандай радиация жоқ деген тоқтамға келген.