Арменияда халық ресейлік консулдықты басып алды
2015 ж. 16 қаңтар
2293
4
Арменияда РФ жауынгері 6 адамнан тұратын армян отбасын атып кетуі себепті болған қақтығыста 14 адам зардап шекті, деп хабарлады rbc.ru.
|
|
Гюмриде полиция мен тұрғындар қақтығысып, 14 адам жарақат алды |
Бұл ретте кешкісін "Гүлденген Армения" партиясының депутаты Мартун Григорян мен шерушілердің біреуі ресейлік әскери базаға барып, Пермяков Армения аумағында екеніне көз жеткізді.
Бізді камераға дейін апарды да терезені ашып көрсетті, және біз оның осында екенін өзіміз көрдік", - деді депутат.
Ол акцияға қатысушыларды үйлеріне тарауға шақырды. Бірақ шерушілер Армения бас прокуроры Геворк Костанян ресейлік әріптесінен Пермяковты армяндар жағына беруін сұрауды талап етті.
Бұрын БАҚ-тарда хабарланғандай, 13 қаңтарда ресейлік әскери қызметкер Валерий Пермяков армяндардың Гюмри қаласында алты адамнан тұратын отбасын өлтіргенін мойындады. Олар 12 қаңтарға қараған түні атып өлтірілді. Жалғыз тірі қалған алты айлық нәрсете болды, ол ауыр жарақаттанған.
Пермяков Армениядағы ресейлік 102-ші әскери базасының әскери қызметкері. Онда 5 мыңдай жауынгер әскери борышын атқаруда.
Осы қанды оқиғаны тергеуде Ресей қорғаныс министрлігінің комиссиясы қатысуда.
