«БІЗ ПАЙҒАМБАРҒА ТІЛ ТИГІЗУГЕ ЖОЛ БЕРІП ТҰРА АЛМАЙМЫЗ!» Түркия Charlie Hebdo карикатурасын айыптады

3
1956

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Франциядағы сатиралық Charlie Hebdo журналының Мұхаммед пайғамбарды тағы да карикатуралауын «үлкен арандатушылық» деп атады.

Түркия Charlie Hebdo карикатурасын айыптады

«Сөз бостандығы тіл тигізу бостандығы дегенді білдірмесе керек. Біз пайғамбарға тіл тигізуге жол беріп тұра алмаймыз» деді Давутоглу қаңтардың 15-інде Анкарада ақпарат құралдары алдында. Қаңтардың 7-сінде Парижде Charlie Hebdo журналы редакциясына қарулы үш адам шабуыл жасап, 12 адам мерт болған. Қаза тапқандар арасында басылымның бас редакторы мен карикатурашылары да бар. Қарулы адамдар шабуылды журналдың Мұхаммед пайғамбарды карикатураға шығарғаны үшін кек алғандарын айтқан. Шабуылдан кейін Парижде күдіктілерді ұстау операцияларында тағы бес адам қаза тапқан. Журнал редакциясы қаңтардың 14-інде шабуылдан кейінгі алғашқы санында Мұхаммед пайғамбардың кескінін қайта басып шығарған. 3 миллион данамен тараған тираж мұқабасында Мұхаммед пайғамбардың қолына «Мен Чарлимін» деген жазуы бар плакат ұстап, қайғырып тұрған бейнесі басылған.

Картина тақырыбы «Барлығы кешірілді» деп аталады. Түркияның оппозицияшыл Cumhuriyet басылымы шабуылға дейін журнал карикатуралары мен мақалаларын көшіріп басып келген еді.

Бірақ бұл жолы Cumhuriyet журналдың шабуылдан кейінгі санын көшіріп баспаған. Ал Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы Charlie Hebdo-ға жасалған шабуылды мадақтап, журналдың пайғамбарды карикатуралағанын «ерсі әрекет» деп атады.

Источник: Азаттық

3 ПІКІРЛЕР

  1. ЧЕЛОВЕК — Это время – и химические элементы. ОН -человек начал существовать уже на земле 2-млрд. лет .Хотите ли ВЫ или НЕТ -это ФАКТ. Все -Религий на земле был изобретен -Человеком ,что бы быт социальным ПАРАЗИТОМ .А Паразит живет ,как мы знает за счет общество ,почти обманом. В Иерусалиме У гроба господня ,еже годно собирается более 25 млрд. доллар.США. Верующие ,эти деньги жертвует ЕМУ. В Израиле таких месть очень много. А Ислам это и есть его зеркальное отражение ХРИСТИАНСТВА ,только молодой. В мире очень МНОГО обмана. в СССР коммунисты больше убили ,расстреляли ,репрессировали больше своих ГРАЖДАН ,чем Немецко – Фашистская АРМИЯ во время ВОВ. Я— рекомендую ,если меня послушайте ,берегите СЕБЯ и ЛЮДЕЙ ,тогда будет нормалек на земле. Если помните х/ф «Ни кто не хотел умереть» все бандиты убивали всех от имени не существующего «домового» оказалось это и есть сам ДОМОВОЙ , хотел все деньги забрать. Почему в Исламе много верование и каждый тянет в свою сторону , У них одна ЦЕЛЬ ,больше деньги заработать в СОЦИАЛЬНЫХ ЗАРАЗАХ. Мне жаль что многие так тупо верить всякому.

  2. Нет таких высоких идей, ради которых надо устраивать бойню безоружным людям. Осуждать, штрафовать, делать дипломатические демарши, давать «двушечку» – это можно, если по закону. Мои соболезнования Франции.
    Но взгляните на эти самые каррикатурки, которые теперь защищают, как свободу слова. Если это свобода слова, то мне, честно говоря, страшно за само слово. Да, теоретически, у себя дома можно делать, что хочешь, но не на весь мир. В глобальном мире есть те, для кого это, то есть религия, – не заморочка. Для кого бог, пророки, святые – это даже больше, чем для вас самые близкие люди. И вот представьте, что вашу малолетнюю дочь или вашу мать нарисуют в непристойном виде, разместят в СМИ, доступных всей планете. А в суд подать нельзя, потому что вся это похабень – Великая Духовная Ценность государства, где это размещено. Я не знаю, как среагируете вы лично, но не нужно быть религиоведом, чтобы догадаться о возможной реакции горячих исламистских парней. Помните нашу любимую присказку про всякие танцы в православных храмах: «а слабо то же самое – в мечети?». Ну вот это оно и есть. Все старые споры закончены, воцарился консенсус вокруг карикатур и бороды Святой Кончиты-великомуженицы. Этим, конечно, можно соблазнить народы с зачаточно-романтическими представлениями о демократии, вроде грузинского или украинского. Но это не работает против ребят, которым перестрелять в евростолице редакцию известного журнала – два раза плюнуть!…. В реальности нет больше никаких христианских, консервативных, социал-демократических, республиканских и демократических партий – а просто 50 оттенков одного серого либерализма.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз