Депуттар кей облыстардың сағатын кері жылжытуды сұрады

Бір топ халық қалаулылары қол қойған хат үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына бағытталған. Өтініш хатта Қызылорда облысы аумағындағы қазіргі географиялық сағаттық белдеудегі уақыт өлшемінің қолайсыздығы жайында айтылған.

Депуттар кей облыстардың сағатын кері жылжытуды сұрады 1500 адам қол қойған өтініш хатта, Мұрат Бақтиярұлы, Бекмырза Еламанов, Сейіт Әйімбетов, Құттықожа Ыдырысов, Бақытбек Смағұл, АлмасТұртаев сынды депутаттар бар. Бұл мәселені жергілікті халық аймақтарда өткізіп тұратын кездесу барысында да сан мәрте көтерген де болатын. Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы №231 қаулысына сәйкес Қазақстанда "жазғы" және "қысқы" уақытқа көшу тоқтатылып, бұған дейін, тіпті бұрыннан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарымен бір сағаттық белдеуде болып келген Қостанай және Қызылорда облыстарының уақыт өлшемін дағдылы уақытынан 1 сағат ілгері жылжыту туралы шешім қабылданған болатын. Бұрыннан қалыптасып қалған және де үйреншікті әрі дағдылы уақытты халықаралық уақыт белдеуіне сәйкестендіру мақсатында өзгертіле салынған бұл уақыт өлшемінің жергілікті халыққа қолайсыз болатындығына сол кезде министрлік те, жергілікті атқарушы органдар да жете мән бермеген сияқты.

Уақыттың бір сағат ілгері ауысқандығы Астана мен Алматыдан 1200 шақырым қашықтықта жатқан, шығысынан батысына дейін 850 шақырым болатын жер көлемі бар, еліміздің батыс өңіріне жақын, экологиялық апат аймағында орналасқан Қызылорда халқы үшін өте тиімсіз әрі қолайсыз

Қостанай облысы Астанаға жақын болғандықтан уақыттың бір сағат ілгері ауысқаны бұл өңірдің халқы үшін көп әсер етпейтін де болар. Ал, уақыттың бір сағат ілгері ауысқандығы Астана мен Алматыдан 1200 шақырым қашықтықта жатқан, шығысынан батысына дейін 850 шақырым болатын жер көлемі бар, еліміздің батыс өңіріне жақын, экологиялық апат аймағында орналасқан Қызылорда халқы үшін өте тиімсіз әрі қолайсыз болып отыр. Уақыттың қазіргі жүйесінің қолайсыз болып отырғандығы жайында өздерінің дәлелді пікірлері бар ойларын қызылордалықтар ақпарат құралдарының беттерінде тиісті министрлікке айтып та, жазып та жатыр. Өкінішке орай еш нәтиже болмады. Бұрын 2005 жылдың 15 наурызына дейін табиғи жергілікті уақытпен, яғни Астана уақытынан бір сағат кейін жүретін Қызылорда облысында таң бір сағат кейін атып, күн бір сағат кейін батады. Демек бұл таза географиялық белдеуге сәйкес табиғи уақыт.
Осы табиғи, дағдылы, үйреніскен биологиялық уақытты бұзу облыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір сүру ырғағын бұзды. Бұл әсіресе күз, қыс, көктем мезгілдерінде қатты сезіледі.

Таңертен бала бақшаға, мектепке баратын балалардың ұйқысынан табиғи уақыттан бір сағат ерте тұруы, тас қараңғыда мектепке баруы балалардың денсаулығына, қала берді сабақ үлгеріміне кері әсер ететінін мұғалімдер де, дәрігерлер де үнемі айтып келеді.

Таңертен бала бақшаға, мектепке баратын балалардың ұйқысынан табиғи уақыттан бір сағат ерте тұруы, тас қараңғыда мектепке баруы балалардың денсаулығына, қала берді сабақ үлгеріміне кері әсер ететінін мұғалімдер де, дәрігерлер де үнемі айтып келеді. Сонымен қатар соңғы тоғыз жылдың ішінде мектеп жасындағы балалардың арасында ауыршаңдық көбейіп кеткен. Оның үстіне уақытты бір сағат ілгері көшіру электр энергиясын артық шығындауға соқтырып отыр. Кәрім Қажымқанұлына жолданған хатта уақыт стандартының әртүрлі болуы Қазақстан сияқты аумағы үлкен мемлекетке тән нәрсе. Көрші Ресей мемлекетінің барлық өңірлері Москва уақытымен жүріп жатқан жоқ екені және осыған қатысты қандай бір оң шешім қабылдайтынына сенім білдірген.

Источник: BAQ.KZ