Депуттар кей облыстардың сағатын кері жылжытуды сұрады
2015 ж. 16 қаңтар
2043
1
Бір топ халық қалаулылары қол қойған хат үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына бағытталған. Өтініш хатта Қызылорда облысы аумағындағы қазіргі географиялық сағаттық белдеудегі уақыт өлшемінің қолайсыздығы жайында айтылған.

Уақыттың бір сағат ілгері ауысқандығы Астана мен Алматыдан 1200 шақырым қашықтықта жатқан, шығысынан батысына дейін 850 шақырым болатын жер көлемі бар, еліміздің батыс өңіріне жақын, экологиялық апат аймағында орналасқан Қызылорда халқы үшін өте тиімсіз әрі қолайсыз
Қостанай облысы Астанаға жақын болғандықтан уақыттың бір сағат ілгері ауысқаны бұл өңірдің халқы үшін көп әсер етпейтін де болар. Ал, уақыттың бір сағат ілгері ауысқандығы Астана мен Алматыдан 1200 шақырым қашықтықта жатқан, шығысынан батысына дейін 850 шақырым болатын жер көлемі бар, еліміздің батыс өңіріне жақын, экологиялық апат аймағында орналасқан Қызылорда халқы үшін өте тиімсіз әрі қолайсыз болып отыр. Уақыттың қазіргі жүйесінің қолайсыз болып отырғандығы жайында өздерінің дәлелді пікірлері бар ойларын қызылордалықтар ақпарат құралдарының беттерінде тиісті министрлікке айтып та, жазып та жатыр. Өкінішке орай еш нәтиже болмады. Бұрын 2005 жылдың 15 наурызына дейін табиғи жергілікті уақытпен, яғни Астана уақытынан бір сағат кейін жүретін Қызылорда облысында таң бір сағат кейін атып, күн бір сағат кейін батады. Демек бұл таза географиялық белдеуге сәйкес табиғи уақыт.Осы табиғи, дағдылы, үйреніскен биологиялық уақытты бұзу облыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, көңіл-күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір сүру ырғағын бұзды. Бұл әсіресе күз, қыс, көктем мезгілдерінде қатты сезіледі.