Қазақстандық футбол клубы 520 мың теңгеге бағаланды

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында өнер көрсететін Қаратау қаласының "Лашын" командасы сатылымға шықты. Бұл туралы Жамбыл облыстық "Знамя труда" басылымы хабарлайды.

Қазақстандық футбол клубы 520 мың теңгеге бағаланды "Лашын" клубына өз Абрамовичы қажет. Бұл шыңдық. Клубты сатып алуға қызыққан кез-келген үміткер 520 мың теңгеге сатып алып, толыққанды қожайын бола алады. Сондықтан Роман Абрамович, Әлішер Усмановтармен бір қатарда болуыңызға толық мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл үлкен жауапкершілікті қажет етеді", – деп жазады басылым тілшісі. Айта кетейік, "Лашын" клубы осыдан бес жыл бұрын Тараз қаласында құрылған еді . Алайда, бір жылдан кейін Қаратауға көшірілді. Жыл сайын бірінші лигадағы турнирге тұрақты қатысып келеді. Былтырғы маусымда 27 ұпай жинап, 15 команданың ішінде 11-ші орын алған болатын.

Источник: BAQ.KZ