
"Лашын" клубына өз Абрамовичы қажет. Бұл шыңдық. Клубты сатып алуға қызыққан кез-келген үміткер 520 мың теңгеге сатып алып, толыққанды қожайын бола алады. Сондықтан Роман Абрамович, Әлішер Усмановтармен бір қатарда болуыңызға толық мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл үлкен жауапкершілікті қажет етеді", – деп жазады басылым тілшісі.
Айта кетейік, "Лашын" клубы осыдан бес жыл бұрын Тараз қаласында құрылған еді . Алайда, бір жылдан кейін Қаратауға көшірілді.
Жыл сайын бірінші лигадағы турнирге тұрақты қатысып келеді. Былтырғы маусымда 27 ұпай жинап, 15 команданың ішінде 11-ші орын алған болатын.