Сергей Кулагин өзіне дейінгі шенеуніктер жасаған былықтарды ашық әшкереледі

0
1013

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин бүкіл шенділерді жинап алып, өзіне дейінгі шенеуніктер жасаған былықтарды ашық жариялады.

 Сергей Кулагин өзіне дейінгі шенеуніктер жасаған былықтарды ашық әшкереледі
Облыс басшысы Астана іргесіндегі ауылдарды дамытуға бөлінген қыруар қаржы игерілмеген, 38 жоба мүлдем жүзеге аспаған деп ашуға мінді. Бұрынғы шенділер тіпті құрылыс жүргізіп бастарын ауыртп, тек тендер өткізіп алып тайып тұрған деді Кулагин.

Бұл мектепті кім салды? Мұның қандай жағдайда екенін қараңыздаршы? Қоянды мектебінің де күйі оңып тұрған жоқ.

Астана іргесіндегі аймақтарды дамытуға арналған жиынға келген шенділердің бүгін көңілі көтеріңкі болды. Облыс әкімі Сергей Кулагинге елорда төңірегін осылай өзгертеміз деп, қағаз жүзіндегі әдемі жобаларымен де таныстырды. Көрмені бір шолып шыққан облыс басшысы жиынды сірескен баяндамадан емес, игерілмеген миллиардтардан бастады.

Болашақта өзі жауапты болғысы келмеді ме, Кулагин өзіне дейінгі шенеуніктердің былықтарын аямай әшкереледі. Бюджеттен 54 миллиард теңге бөлінген, бірақ, үш жыл ішінде ішінде жүзеге асуы тиіс 88 жобаның 38-і мүлдем іске қосылмаған.

Яғни, мектептер мен балабақшалар салынбаған, жолдар жөнделмеген, су, электр желілері тартылмаған. Шенеуніктер тек тендерді өткізіп алып тайып тұрған, қазір ешкімді табу мүмкін емес. Ал мемлекеттің қырауар қаржысына салынған нысандардың бірде біреуі өз уақытында пайдалануға берілмегені өзі алдына, әзірден қирап жатыр екен.

Мәселен, Қояндыдағы сол кезде облыс әкімі болған Қайрат Қожамжаров шашу шашып ашқан мектептің салынғанына бір жарым жыл ғана өткен, ал қазір едені сынып жатыр. Енді бұл нысандарды жөндеуге қайтадан ақша бөлуге тура келеді деді Кулагин.

«Бұл мектепті кім салды? Мұның қандай жағдайда екенін қараңыздаршы? Қоянды мектебінің де күйі оңып тұрған жоқ. Ал бұған қаншама ақша бөлінді?», – деді ашуға  булыққан әкім.

Мемлекет қыруар қаржы бөлгенімен, тендер өткізгеннен өзге түк бітірмеген шенділердің кесірінен Астана төңірегі түк дамымаған. «Әдемі ғимараттарға толы елордадан 19 шақырым шықсаң, тура 19 ғасырға тап болғандай әсерде боламын»,- деді Кулагин.

Сондықтан бұдан былай шенеуніктердің барлығы әрбір жобаның жүзеге асуын қадағалайтын болды. Ал қосымша қаржы сұрайтын, сапасыз құрылыс жүргізетін компаниялар мүлдем шеттетілмек. Ал бұл жұмыстарды жаңа әкімдердің ешкімнен қорықпай жүргізуіне Кулагиннің өзі қолдау көрсетемін деді.

Әдемі ғимараттарға толы елордадан 19 шақырым шықсаң, тура 19 ғасырға тап болғандай әсерде боламын.

Облыстағы жұмыстардың орындалуын облыс әкімі тікелей бақылауында ұстайтынын және бұрынғыдай былықтардың болмайтынына уәде берді. Ұйқы ауруына шалдыққан Калачи ауылын мамыр айына дейін түгелдей көшіруді де әкімдер әзірден қолға алды. Ал бұрынғы ай сайын тендер өткізіп алып, ауысып кеткен шенеуніктерді ешкім жазаламайтын сияқты.

Осылайша, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин бұдан былай тек темірдей тәртіп болуы керек деп түйіндеді. Әкмідер мен құрылыс компаниясы басшыларына бүгінгі жиын жыл басындағы келісім екені айтылды. Бұдан былай олардан қатаң сұраныс болмақ. Кулагиннің жаңа командасының жұмысы алдағы уақыттың еншісінде.

Источник: 31 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз