Қоғамды жартылай жалаңаш суреттерімен шулатқан Баян Есентаева енді шпагатымен таң қалдырды (фото)

Баян Есентаева тағыда өз табынушыларын таң қалдырды. Есентаева Үндістанның Гоа қаласындағы демалысынан әлеуметтік желідегі парақшасына түрлі суреттерін салып отырды.

Бұған байланысты танымал продюсердің инстаграмдағы достарының пікірі екіге жарылды. Бірі "Қылықсыз" деп сөксе, екінші жақ "Өте кереметсіз" деген мадақтауларын аямады. Есентаеваның өзі төмендегі суретке қатысты оқырмандарының біріне "Бұл менің апам. Ол балерина!" деп жауап берген. Баян Есентаева табынушыларын шпагатымен таң қалдырды (фото) Есентаеваның бұл суреттеріне  екі тәулік ішінде 30 мыңға жуық "Лайк" қалдырылған. Көпшілік орта жастағы келіншектің жас көріну құпиясын сұраған. Суреттердің астына  500-ге жуық көрермені өз пікірін қалдырыпты. Баян Есентаева табынушыларын шпагатымен таң қалдырды (фото) Естеріңізде болса, Баян Есентаева бір апта бұрын ғана  41 жасқа толған еді. Өзін "сынағандардың сынына сынатын мен емес" деген Баян Есентаева  демалыстан қандай күш жинап нендей ой түйгенін, жаңа идеяларын  алдағы жұмыстарынан көретін боламыз.
Источник: NUR.KZ