А. Мырзахметов: Топ-менеджерлерді 600 мың теңге жалақымен таңқалдыра алмайсың

Палатаның басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің айтуынша, ҰКП топ-менеджерлерiн жоғары жалақымен таңқалдыру қиын.

ҰКП төрағасы: Топ-менеджерлерді 600 мың теңге жалақымен таңқалдыра алмайсың

Абылай Мырзахметов

"Бәрiнен көп алатындар басқарма мүшелерi - 750 мың теңге. Бұл ең жоғары жалақы, салығы бар, өзгесi бар шамамен қолдарына 600 мың алады. Олар негiзiнен iрi бизнесi бар адамдар, сондықтан 600 мың теңге жалақымен оларды еш таңқалдыра алмайсың", - дейдi ол.

Департамент директорлары шамамен 500 теңге жалақы алады екен.

"Үш санатты сарапшыларда 200-300 мың теңге шамасында жалақысы бар. Аймақтардағы сарапшылар сәл аздау - 150-200 теңге алады. Палата директорлары департамент басшыларымен бiрдей, шамамен 500 мың теңге қолдарына тиедi", - деп атап өттi ол.

Оның айтуынша, соған қарамастан қызметкерлердiң палатадағы жұмыстан бас тартуы өте жиi болып тұрады.

"Жұмыс өте көп, меморгандармен және кәсiпкерлермен құжаттар айналымы үлкен. Жыл сайын жұмыс ауырлап барады. Көбi мұндай жалақыға осыншама жұмыс тындырудан шаршайды. Көбi тек идея үшiн қалып отыр", - дейдi Мырзахметов.

Ұлттық кәсiпкерлер палатасының басқарма төрағасы сондай-ақ палатаның мүшелiк жарнасы қайда жұмсалғанын айтып бердi.

"Бiр жылда жиналған 6 млрд теңге қайда жұмсалды. Бiрiншiден, бiз жоспарланған штаттың 40 пайызын жұмысқа алдық. Мұнда ешкiм ештеңе көбейткен жоқ. Орташа есеппен департаменттерде 5 адамнан ғана. Департаменттер көп, себебi қарастыратын салалар өте көп. Бiрақ қызметкерлер бесеуден алынды", - дейдi Мырзахметов брифингте. Оның сөзiне қарағанда, палатаға 24 мың арыз келген. Оның тек 10 мыңы меморгандардан түскен. "Жұмыс өте көп.  Бiр қызметкерге 100 iстен келедi. Ол оны өңдеуi қажет. Бонустар, сыйақылар жоқ. Қызметтiк көлiк те жоқ. Өзiмнiң кабинетiме шақырайын, маған "Хабар" агенттiгiнен келген болатын, журналистер көпке дейiн түсiне алмады, менiң қабылдау бөлмемде отыр деп ойлаған, ал ол менiң кабинетiм едi", - дедi ол.

Оның айтуынша, 6 млрд теңгенiң 60 пайызы жалақы мен салыққа кетсе, 12 пайызы кеңсе жалдауға жұмсалған. 10-12 пайызы қарыз өтеуге, 2 пайызы - iс-сапарларға, 2 пайызы - кеңсе тауарларына, 5 - пайызы техника мен жиһаз сатып алуға кеткен.

"Егер кәсiпкерлер шенеунiктерден олардың салықтары қайда жұмсалғанын сұрайтын болса, сол қызығырақ болар едi", - деп түйдi сөзiн ҰКП басқарма төрағасы.

Мырзахметов алдағы уақытта міндетті мүшелік жарна көлемі 30%-ға төмендейтінін де атап өтті.

Источник: ИА "Казинформ"