Бердібек Сапарбаев тілдер туралы заңды қатаң сақтауды талап етті

Үкімет үйінде  Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеу мәселелері жөнінде жиын өтті.

Бердібек Сапарбаев тілдер туралы заңды қатаң сақтауды талап етті Рrimeminister.kz хабарлағандай, мәжіліс барысында заңнамаларды бұзушылық, оның ішінде "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдарды бұзушылық фактілері қаралды. Сонымен Тілдер туралы заңға сәйкес уақыт бойынша мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламалар басқа тілдердегі теле-радио бағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс. Алайда, Бердібек Сапарбаев мониторинг барысында телерадио компаниялары тарапынан бұл талаптарды сақтамау фактілері анықталған, яғни олар белгіленген нормаларды бұзған. Премьер-Министрдің орынбасары телерадиокомпаниядан тіл саласындағы  заңнама талаптарын қатаң орындауды талап етіп, алдағы уақытта мұндай бұзушылыққа жол бермеу қажеттігін ескертті. Осыған байланысты вице-премьер меморгандарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.

Источник: ИА "Казинформ"