
Рrimeminister.kz хабарлағандай, мәжіліс барысында заңнамаларды бұзушылық, оның ішінде "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдарды бұзушылық фактілері қаралды.
Сонымен Тілдер туралы заңға сәйкес уақыт бойынша мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламалар басқа тілдердегі теле-радио бағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс.
Алайда, Бердібек Сапарбаев мониторинг барысында телерадио компаниялары тарапынан бұл талаптарды сақтамау фактілері анықталған, яғни олар белгіленген нормаларды бұзған.
Премьер-Министрдің орынбасары телерадиокомпаниядан тіл саласындағы заңнама талаптарын қатаң орындауды талап етіп, алдағы уақытта мұндай бұзушылыққа жол бермеу қажеттігін ескертті. Осыған байланысты вице-премьер меморгандарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.