Пайғамбардың карикатурасын салған журнал тағы шығатын болды

Ардақты Пайғамбар Мұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) суреті бейнеленген Charlie Hebdo журналы тағы да шығатын болды. Тіпті, 3 млн данамен шығаруды жоспарлап қойыпты.

 Пайғамбардың карикатурасын салған журнал тағы шығатын болды Онда Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақ киім киіп, қолына "Мен Шарлимін" деген жазу ұстап тұратын көрінеді. Астындағы қара жолақта "Бәрі кешірілді" деп жазылады", - деп хабарлайды РИА новости.

Журнал бүгін 14-қаңтар, сәрсенбі күні баспадан шығады. Естеріңізде болса, аталмыш журнал Мұхаммед Пайғамбардың карикатуралық суретін жариялап мұсылман қауымының наразылығын тудырған болатын. Ал таяуда осы франциялық журналдың редакциясына белгісіз қарулы топтың шабуыл жасап, 12 адамды мерт қылып, бірнеше адамды жарақаттаған болатын. Журналдың қорғаушысы Ришар Малка дүйсенбі күні берген сұхбатында "журналдың алдағы санында Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) бейнеленген және өзге діни, саяси карикатуралар басылады" деп мәлімдеді.

Источник: Алаш Айнасы