"Баянауыл" базарының саудагерлері Назарбаевтан көмек сұрады

Алматыдағы "Баянауыл" автобөлшектер базарының саудагерлері өз жерлеріне жаңа сауда үйін салуға рұқсат сұрап отыр.

Бұл туралы бүгін Алматы өткен баспасөз конференциясы барысында базар басшылары мен қорғаушылары мәлімдеді. Олар президент Нұрсұлтан Назарбаевтан әкімдіктің базарды сүріп, орнына балабақша мен мектеп салу туралы шешімін жүзеге асырмауды сұрап отыр. "Базардың территориясы бас жоспарда бірнеше мәрте түрленді. Басында сүреміз дегенде, оның орнына жаңа сауда үйін салыңдар деген шешіммен келісті әкімдік. Кейін, сәулет-жоспар тапсырысын берер кезде құрылысты бастамай қоя тұрыңыздар. Райымбектегі жол айрығының құрылысы аяқталсын деді. Оған да келістік. Одан кейін Есімовтің қаулысымен жаңа "Сайран" автобекеті салынады деп шешті. Бірақ, ол да салынбады. Қала берді, қазір ол жерде мектеп пен балабақша салуды жоспарлап отыр. Ал, сейсмикалық сараптамада ол территорияға қоғамдық нысандар салуға болмайтыны ескертілген. Сондай-ақ, ол жерде жоғары кернеулі желі өтеді. Сондықтан, бізге "Баянауыл Авто" сауда үйінің құрылысын бастауды рұқсат етуді өтінеміз", - деді құқық қорғаушы Василий Резван. Естеріңізге сала кетейік, 9 қаңтарда сот орындаушылары Алматыдағы "Баянауыл" базарын сүру туралы шешім шығарған болатын. Сот шешіміне сәйкес, базар орналасқан 5 га жер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс.

Источник: ИА "Казинформ"