Бибігүл Төлегенованың қызы көлігімен адам қағып кетті

Атақты опера әншісі, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың қызы Гүзел Төлегеноваға көлігімен адам қағып кеткені үшін 200 АЕК есебінде айыппұл салынды.

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. "2015 жылдың 08 қаңтарында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне Төлегенова Гүзел Ахметовнаға қатысты әкімшілік іс түсті", - деді ол. Іс материалдарына сәйкес, көлік жүргізуші Гүзел Төлегенова 2014 жылы 8 қараша күні "Шевроле" маркалы автокөлігімен Құрманғазы көшесімен шығыс бағытта келе жатып Шағабутдинов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші А. Байкулованы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші А. Байкулованың денсаулығына орташа түрдегі зақым келтірілгені аңықталған. "Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқықбұзушы Төлегенова Гүзелді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 468-1 бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салу туралы үкім шығарды", - деп қорытындылады Қуандық Ешімет.

Источник: ИА "Казинформ"