
Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.
"2015 жылдың 08 қаңтарында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының өндірісіне Төлегенова Гүзел Ахметовнаға қатысты әкімшілік іс түсті", - деді ол.
Іс материалдарына сәйкес, көлік жүргізуші Гүзел Төлегенова 2014 жылы 8 қараша күні "Шевроле" маркалы автокөлігімен Құрманғазы көшесімен шығыс бағытта келе жатып Шағабутдинов көшесінің қиылысында жаяу жүргінші А. Байкулованы қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші А. Байкулованың денсаулығына орташа түрдегі зақым келтірілгені аңықталған.
"Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты құқықбұзушы Төлегенова Гүзелді Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 468-1 бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 200 айлық есептік көрсеткіште айыппұл салу туралы үкім шығарды", - деп қорытындылады Қуандық Ешімет.