Ислам Кәрімов: Өзбекстан КСРО тәріздес одақтарға ешқашан кірмейді

Өзбекстан бұрынғы КСРО тәріздес одақтарға ешқашан кірмейді, деп мәлімдеді ел президенті Ислам Кәрімов.

"Бізде халықтың арман-мүддесіне жауап беретін өз даму жолымыз бар. Мен ондай өткенге қайта оралу болмайтынын тағы бір мәрте мәлімдегім келеді. Өзбекстан КСРО тәріздес одақтарға ешқашан кірмейді", - деген Ислам Кәрімовтың ел парламентінің қайта сайланған заңнамалық палатасының дүйсенбідегі бірінші отырысында сөйлеген дәйексөздерін келтіреді жергілікті БАҚ. Өзбекстан президенті қазіргі таңда кейбір елдерде одақтық мемлекеттің кеңестік ескі жүйесіне қайта оралу талпыныстары қабылданып жатқанын атап өтті. "Кейбір шетелдік телеарналарда лениндік және сталиндік кездерді, КСРО дәуірін мадақтау фактілері байқалады. Бізге ондай тәсіл тиімсіз", - деп баса айтты ол. Кәрімов Өзбекстанның өз аумағында шетелдік әскери базалар мен нысандардың орналасуына жол бермейтінін қайтадан еске салды. Оның айтуынша, бұл 2012 жылы қабылданған Өзбекстанның сыртқы саяси қызмет тұжырымдамасында қарастырылған.

Источник: КазТАГ