Ислам Кәрімов: Өзбекстан КСРО тәріздес одақтарға ешқашан кірмейді

6
3056

Өзбекстан бұрынғы КСРО тәріздес одақтарға ешқашан кірмейді, деп мәлімдеді ел президенті Ислам Кәрімов.

«Бізде халықтың арман-мүддесіне жауап беретін өз даму жолымыз бар. Мен ондай өткенге қайта оралу болмайтынын тағы бір мәрте мәлімдегім келеді. Өзбекстан КСРО тәріздес одақтарға ешқашан кірмейді», – деген Ислам Кәрімовтың ел парламентінің қайта сайланған заңнамалық палатасының дүйсенбідегі бірінші отырысында сөйлеген дәйексөздерін келтіреді жергілікті БАҚ.

Өзбекстан президенті қазіргі таңда кейбір елдерде одақтық мемлекеттің кеңестік ескі жүйесіне қайта оралу талпыныстары қабылданып жатқанын атап өтті.

«Кейбір шетелдік телеарналарда лениндік және сталиндік кездерді, КСРО дәуірін мадақтау фактілері байқалады. Бізге ондай тәсіл тиімсіз», – деп баса айтты ол.

Кәрімов Өзбекстанның өз аумағында шетелдік әскери базалар мен нысандардың орналасуына жол бермейтінін қайтадан еске салды.

Оның айтуынша, бұл 2012 жылы қабылданған Өзбекстанның сыртқы саяси қызмет тұжырымдамасында қарастырылған.

Источник: КазТАГ

6 ПІКІРЛЕР

  1. Өзбек ұлты былай тұрсын, Қытай халық Республикасының азаматтарынан қорқу қажет. Олар өз алдына қазақ халқының разылығынсыз өздеріне өте үлкен мөлшердегі мұнай құбырын салып жатқанын білесіңдер. Ал не үшін соны талқылауға салмайсыңдар. Патриотпыз дейсіңдер. Қазақтың қазба байлығын алып кетіп жатқанда неге үндемей отырсыңдар.

  2. Өзбек ағайындар, қытайлар сияқты тып-тыныш, үндемей кез-келген елге сіңіп кете береді. Бірақ ешқашан өз тілін, ата-дәстүрін ұмытпайды.

  3. И.Каримов халкым деп журсе неге озбек бауырларымыздын 3,1 халкы орыстардын жеринде жур Москвага Питерге барсан Ташкентке баргандай боласын олар одакка кирмейак алдекашан жартылай кирип кеткен.Шекарада тіпті арнайы паспорт контролын өтетин пункт аштык тек солар үшін.

  4. Ислам әкә ЕвРазиялық одақ туралы не айтасыз деп сұраған журналистке,оны Назарбаевтан сұра,мен қалған өмірімді халықыма арнап еңбек етіп кетсем де жетеді деген екен.( ДАТ общественная позиция)газетінен.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз