Мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан билігін сынауға тыйым салды

2
1149

Қазақстан билігі мемлекеттік қызметкерлердің интернеттегі тәртібін бақылайтын ережені бекітті.

Мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан билігін сынауға тыйым салды
«Мемлекеттік орган мен мекемелерде қызмет ететін тұлғалардың интернетте, оның ішінде, әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамаларда жұмыс істеуі туралы ескертпені» 2014 жылдың 17 қазаны күні сол кездегі Инвестиция және Даму министрі Жеңіс Қасымбеков бекіткен деп жазадыForbes.kz.

Осыдан соң, мемлекеттік сектор қызметкерлеріне бұл ескертпе жаппай түіндірілді. Түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Бұл құжат жекелеген қызметкерлердің тым белсенділігі салдарынан интернетте мемлекеттік қызметке нұқсан келтірмеу үшін дайындалған. Сондай-ақ, тексерілмеген ақпаратты пайдалануға жол бермеу үшін жасалған.

Бірінші кезекте, аталған ескертулер кез келген Қазақстан азаматы секілді, мемлекеттік қызметкерлердің заңды бұзуына жол жоқ екенін айтады.

Сонымен қатар, конституциялық құрылымды күштеп өзгерту, терроризм, экстремизм, есірткіні насихаттау, президентті сөгіп, оның суретін қорлау, порнографияны тарату және ұлтараздықты қоздыру сынды жайттардың алдын алуға шақырады.

Әлеуметтік желі мен интернетті пайдаланған мемлекеттік қызметкерлердің қаперінде болуы тиіс қағидалар:

– мемлекеттік тіл мен өзге тілдерге, сондай-ақ, Қазақстан халықтарының дәстүрі мен салтына құрметпен қарау;

– интернет арқылы әңгімелескен кезде дауыс көтермеу (жалпылай және жекелей жазбаларда);

– әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамаларға жазба қалдырғанда бейәдеп сөздерді қолданбау;

– өз парақшасында мемлекет пен өзге мемлекеттік мекемелерге бағытталған күдікті фото, видео, аудио және жазба материалдарды жарияламау немесе көшіріп баспау;

– мемлекеттік құпия саналатын, заңды түрде қорғалатын ақпараттарды жарияламау;

– мемлекеттік қызметкерлерді сынайтын материалдарды жариялап, көшіріп баспауы тиіс;

– террористік және порнографиялық сипаттағы, экстремистік бағыттағы ақпараттарға, фото, видео және аудиоматериалдарға «ұнату» белгісін баспау қажет;

Источник: NUR.KZ

2 ПІКІРЛЕР

  1. бұл мемқызыметкрлері ғана емес, Қазақстанның әр азаматына қатынысы бар зат.Бұл елде қаңғыған иттерде КНБнің құрғыңында екені бесенеден белгілі.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз