Шетелдік қайыршылар Қазақстан аумағынан шығарылады

0
861

Қазақстанда полиция ұстаған қайыр сұрайтын адамдардың 80 пайызы – шетелдік азаматтар. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха мәлім етті.

Шетелдік қайыршылар Қазақстан аумағынан шығарылады

Фото: yvision.kz

«Қазақстандағы өмір сүру деңгейі кейбір мемлекеттерге қарағанда жоғары және сондықтан да елімізге көршілес мемлекеттерден қайыр сұрайтындардың ағымы жоғары. Өткен жылы ұсталған қайыр тілеушілер бойынша жасалған талдауларға тоқталатын болсақ, олардың 80 пайызы шетелдіктер»,- деп нақтылап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 449-бабында азаматтардың мазасын алу сынды қылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған.

Оның сөзіне қарағанда, осындай норма дамыған елдерде тиімді нәтиже беруде. Мұндай әрекеттер үшін салынатын айыппұл көлемі бастапқыда 5 АЕК-ті құраса, екінші мәрте қайталанған жағдайда 10 АЕК-ке жетеді немесе оны жасаған адам 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Шетелдіктер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады және елдің аумағынан шеттетіледі. Айта кетейік, бүгінгі таңда 1 АЕК көлемі 1982 теңгеге тең.

Источник: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз