Қазақ хандығының 550 жылдығы Таразда тойланатын болды

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған негізгі шаралар Жамбыл облысында тойланатын болды! Осыған орай облыс әкімдігі мен Мәдениет министрлігі сондай-ақ, бірқатар республикалық сала мамандары тойдың қамын ойласуға кіріскен.

Қазақ хандығының 550 жылдығы Таразда тойланатын болды Бұл жайында аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаев "Литер" басылымына берген сұқбатында айтқан.

"Біз бұл бастамаға өзіміз ұсыныс айттық. Өйткені, біздің өлкеде осыдан сан жылдар бұрын Талас пен Шу өзені бойында, Керей мен Жәнібек хан Қазақ хандығын құрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Осылай деген біздің ұсынысымыз басты назар аудартып, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен той, Таразда өтетін болды" дейді облыс әкімі. Ал сол уақытта тарихи танымдағы ең ауқымды ғылыми-тәжирибелік конфереция Астана төрінде өтпек. Жамбылдық шенеуніктер аса зор жауапкершілікпен той дайындығына ден қоямыз деп отыр. Барлық БАҚ құралдарына мұндай мәртебелі құрметті қабылдап алғанына қатты қуанышты екенін аймақ басшысы ақтарылып айтты. Бұл мемлекеттің мерейлі мейрамы күні тарихшылар:"Қазақ хандығын қалыптастыру жолында "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасаған Төле бидің орны ерекше болады", -дейді. Өйткені, күні кеше Тараз қаласында Ұлы жүздің ұлағатты биінің тойы болғаны, Қазақ хандығының Жамбыл жерінде мерекелеудің тағы бір себебі болғанынан сенімді. Енді ел билігін тарихи Тараз төрінде жалғасатын тойға бір мемлекет болып жұмылу күтіп тұр.