Қазақстанда әкімшілік қамауға алу 30 тәулікке дейін қысқарды

2
1025

Жаңа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте Қазақстандағы әкімшілік қамауға алу мерзімі 30 тәулікке дейін қысқартылды.

Қазақстанда әкімшілік қамауға алу 30 тәулікке дейін қысқарды
Қамауға алу

Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Әділет вице-министрі Зәуреш Баймолдина мәлім етті.

«Әкімшілік қамауға алу шарасы әкімшілік жаза ретінде әрине сақталды. Алайда, оның мерзімі 30 тәулікке дейін қысқартылды. Тек ТЖ режімі жағдайында ғана әкімшілік қамау 45 тәулікке жетуі мүмкін» ,- деді ол.

Сонымен қатар жаңа Кодексте әкімшілік қамауға алу қолданылатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамы қысқарды.

Енді ол отыз бапта қарастырылған, ал осының алдындағы Кодексте 69 бапта қамтылған еді.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Кодекс күшіне енген болатын.

Источник: ИА «Казинформ»

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз